Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистрлік бағдарлама – түлектерді осы салада теориялық және практикалық біліммен қамтамасыз ететін екі жылдық дәреже. Бағдарламаның зерттеулерге бағдарлануы түлектерге денсаулық сақтау тәжірибесінде білімін жетілдіруге, сондай-ақ инновацияларға ықпал ете отырып, аналитикалық дағдыларды дамытуға көмектеседі. Бұл бастаманың ұзақ мерзімді мақсаты – Қазақстанда спорттық медицина мен оңалтудың ғылыми негізделген тәжірибесін ілгерілету. |
Жалпы ақпарат
Кампус: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, NU Медицина мектебінің ғимараты
Тілі: Ағылшын тілінде
Оқыту түрі: Күндізгі бағдарлама, кампуста
Ұзақтығы: 2 жыл
Жалпы ECTS кредиті: 120
Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистрлік бағдарламаның негізгі бағыты халықаралық стандарттарға сәйкес келетін оқу бағдарламасын әзірлеу және дәлелді практикада денсаулық сақтау мамандарын даярлау болып табылады. Сондықтан бағдарлама түлектері медициналық көмектің халықаралық стандарттарына сәйкес спорттық медицина мен оңалтудың түрлі салаларында қызмет көрсете алады.
Спорттық медицина және оңалту магистрлік бағдарламасы клиникалық немесе фундаменталды ғылымдар бойынша бакалавр дәрежесін алғандар адамдарға арналған (4,0 шкаласы бойынша ең төменгі орташа балл 2,75 немесе оған тең).
Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламасының құрылымы дене жаттығулары мен фитнеске байланысты метаболизм мен тамақтануды қоса алғанда, адам ағзасының функцияларының негіздерінен басталады. Бағдарлама жаттығулар мен жарақаттар кезінде адам ағзасының механикасы туралы білім береді. Студенттерге спорттық нәтижелерін жақсарту және жарақаттарды қалпына келтіру үшін осы білімді қолдану бойынша ақпарат беріледі.
Бағдарламаның мақсаттары
Бағдарламаның мақсаттары:
Мансаптық мүмкіндіктер
Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистрлік бағдарламаның түлектері Қазақстанда немесе шетелде PhD докторантураға түсе алады. Басқалары келесі жұмыстарды жасай алады:
Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері
Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін түлектер:
Тіркеу кезеңдері
1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз
Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Магистратура/Резидентура» бағдарламасын таңдау кажет.
Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.
Жеке кабинетіңізде өтінім беру Нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз
Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:
1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);
3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;
4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.
3 ҚАДАМ. Тіркелу жарнасын төлеу және өтініш беруді аяқтау
Өтінім беру процесін аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздегі «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басыңыз. Тіркелу жарнасы Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Тіркелу жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды.
Үміткерлер Назарбаев Университетінің 2-ден артық магистратура / докторантура бағдарламаларына өтініш бере алмайды. Екі бағдарламаға қабылданған жағдайда үміткер тек бір бағдарламаны таңдауы тиіс.
Тіркелу жарнасы 15 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады (ерекшелік — Жоғары бизнес мектебі). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.
Өтінім беруді аяқтағаннан кейін үміткер 2-қадамда сипатталған әрекеттерге өзгерістер енгізе алмайды.
4 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелерін ұсыну
Үміткерлер IELTS/TOEFL/GRE/GMAT сертификатын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:
Тест әкімшісі арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:
IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелердің Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Үміткер Тест әкімшісіне (Тест орталығына) өзі хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуі қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
Ұсынылған сертификаттардың нәтижелері өтінімді тапсырған уақытқа дейін аяқталмаса, жарамды болып саналады.
IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық нұсқаулық үміткерлердің Жеке кабинетінде қолжетімді. IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері байқауда қарастырылмайды.
Yміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен құжаттамамен расталған мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
Одан арғы қадамдар
Сіз өтінім бергеннен кейін, сіздің ұсынушыларыңыздың электрондық пошталарына жіберілген электрондық нысанға сәйкес Назарбаев Университетіне ұсыным хаттарды ұсыну туралы автоматты хабарлама жіберіледі. Ұсыным хаттарды ұсыну бойынша толық нұсқаулық Жеке кабинетте қолжетімді.
Сіздің өтініміңіздің статусы туралы білу үшін Жеке кабинетіңізден қараңыз және Назарбаев Университетінің хабарламаларын электрондық поштаңыздан тексеріңіз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.
Сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз. Сұхбат ағылшын тілінде өтеді.
Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.
Оқуға қабылдау талаптары
Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаcына оқуға түсетін үміткерлерде:
Ағылшын тілі бойынша ең төменгі талаптар
Бағдарламаға қабылдау үшін ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларына қойылатын ең төменгі талаптар мынадай:
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
Маңызды күндер
Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:
Барлық грант түрлері бойынша өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы 23 желтоқсан сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен), шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.
Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:
IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:
Барлық грант түрлері бойынша өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.
Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:
Бағдарлау аптасының басталу мерзімі: тамыз 2025
Оқудың басталуы: тамыз 2025
Үмікерлерге қойылатын статустар
Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.
Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.
Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.
Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.
Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.
Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.
Recommended for admission to Zero Year of Graduate programs. Қабылдау комиссиясы үмңткерді Zero Year of Graduate program бағдарламасына ұсынуға шешім қабылдады. “Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” (Zero Year of Graduate programs) – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратураға тікелей түсу үшін тілдік талаптарға сай келмейтін, магистрлік бағдарламаларға қарқынды тілдік, академиялық және ғылыми дайындықтары бар екі семестрлік күндізгі бағдарлама.
Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.
Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.
Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.
Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады
Accepted Zero Year of Graduate program admission offer. Статус Zero Year of Graduate programs бағдарламасына оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады.
Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.
Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.
Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.
Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.
Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.
Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.
Enrolled to Zero Year of Graduate programs. Кандидат Zero Year of Graduate programs бағдарламасына қабылданды. Cтатус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады. Үміткер ресми түрде студент болып саналады.
Оқу бағдарламасы
Спорт медицинасы және реабилитология бағдарламасы - бұл 123 жалпы ECTS кредиті бар екі жылдық магистратура бағдарламасы, ол түлектерді аталған салада теориялық және практикалық біліммен қамтамасыз етеді. Бағдарламаның зерттеуге назар аударуы түлектерге аналитикалық дағдыларды дамытуға, денсаулық сақтау тәжірибесіндегі жетістіктерді және инновацияларды дамытуға көмектеседі. Бұл бастаманың ұзақ мерзімді мақсаты – Қазақстандағы спорт медицинасы мен реабилитологияның дәлелді тәжірибесін ілгерілету.
1 семестр:
2 семестр:
Жазғы семестр:
3 семестр:
4-семестр:
Курстардың сипаттамасы
MSMR 501: Тірек-қимыл жүйесі
Бұл курс спорттық медицинаның болашақ түлектерін адам анатомиясымен таныстырады. Курс компоненттеріне тірек-қимыл аппаратының анатомиясы мен адам денесінің артрологиясы, олардың спорттық және жаттығу қызметінде маңызын түсіну кіреді. Бұл білім спорттағы тірек-қимыл аппаратының жарақаттарын және онымен байланысты қызмет түрлерін түсіну үшін негіз қалыптастырады. Тірек-қимыл аппаратындағы құрылымдарды анықтаумен қатар, әртүрлі буындардағы бұлшық еттердің қозғалыстары зерттелетін болады.
MSMR 503: Дене жаттығуларының генетикасы, Физиология және Эндокринология
Бұл курста біз алдымен адам геномының архитектурасынан, микроРНК және кодталмайтын РНК сияқты кодтаушы және кодталмайтын гендердің рөлінен бастап генетика негіздерін қарастырамыз, мутацияның әр түрлі түрлерін қарастырамыз, мысалдарда жеке гендер мен мультифакторлы бұзылыстар арасындағы айырмашылықтарды, сондай-ақ генетикалық тұқым қуалаудың әр түрлі тәсілдерін талқылаймыз. Біз жасуша өз гендерінің экспрессиясын реттейтін стратегияларды және осы стратегияларды бұзғанда сырқаттылық қалай туындайтынын қарастырамыз. Біз сыртқы ортаны және оның CPG-аралдарды метилдеу және гистондарды түрлендіру арқылы жасушалық гендер экспрессиясының реттелуіне әсерін байланыстыратын эпигенетиканың өсіп келе жатқан аумағын зерттейміз, сондай-ақ негізгі мысалдарда оның адам денсаулығы мен ауруына әсерін бейнелейміз. Бұл курс студенттерге спорттағы және дене жаттығуларының өнімділігіне физикалық қана емес, генетикалық, метаболикалық және гормондық факторлар да әсер ететіні туралы баяндайды. Студенттер физикалық жаттығулар мен тамақтану режимдері генетикалық және метаболикалық факторлармен қойылатын шектеулерді жою үшін қалай өзгертілуі мүмкін екенін біледі.
Біз спорттағы және дене жаттығуларындағы өнімділік спортшының дене төзімділігіне, күші мен қалпына келуіне, сондай-ақ буындардың, сіңірлердің және бұлшықеттердің зақымдануына сезімталдыққа әсер ететін арнайы аллельдермен байланысты екенін қалай анықтағынымызды талқылаймыз.
Физикалық жаттығулар кезінде және кейін физикалық жүктемеге жауап ретінде болатын физиологиялық, метаболикалық және гормондық өзгерістер қарастырылады. Мұндай күйзелістен кейін организмнің қалай әсер ететінін және қалпына келетінін түсіну дене денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілікті жақсарту үшін шешуші мәнге ие.
MSMR 503: Спорттағы фармакология және оңалту
Осы курста Спорттық медицина магистратурасының студенттері MPTOX студенттерімен бір мезгілде MPHT503 фармакология және токсикология магистратурасының курсы шеңберінде өткізілетін көптеген сабақтарға қатысады. MPTox студенттері бұл пәнді 1-ші курста, 1-ші семестрде өтеді. Спорттық медицина магистратурасының студенттері пәнді 2-ші курста, 1-ші семестрде өтеді. Mpht503 сыныбында сабақтардың шамамен ¾ бөлігі аяқталғаннан кейін Спорттық медицина магистранттары бұл курсты семестрдің соңына дейін бөлек жалғастырады және курстың соңғы бөлігі Спорттық медицина үшін бірегей фармакологиялық мәселелерге арналады. Курс Спорттық медицина магистратурасының студенттері спорттық медицина саласында фармакологияны қолданудың нақты салаларына өту үшін фармакология жөнінде іргелі білімдерін дамытатындай етіп жасалған.
Курстың осы бірінші бөлімінде негізгі назар кең қолданылатын дәрілердің негізгі қағидаттары мен механизмдеріне және олардың қалай әсер ететіндеріне аударылады. Студенттер дәрілердің сіңірілуі, таралуы, метаболизмі және шығарылуы (ADME) және дәрілердің фармакодинамикасы, соның ішінде дәрі рецепторларының динамикасы туралы білетін болады. Студенттер кеңінен қолданылатын фармакологиялық және токсикологиялық терминдерді, соның ішінде агонист, антагонист (қайтымды, қайтымсыз, бәсекелес және т.б.), дәрілік заттың жартылай ыдырау кезеңі, таралу көлемі, биоқолжетімділігі, шығару жылдамдығы, фармакокинетикалық қисық асты алаңы және басқа да көптеген тиісті терминдерді зерттейді және қолданады.
Бұл аспектілер студенттерді оқытудың маңызды компоненті болып табылады, өйткені олар Спорттық медицина контекстінде фармакологиялық қолдануды бағалауға мүмкіндік береді.
Курстың екінші бөлімі Спорттық медицинада фармакологияны қолданудың нақты салаларына арналады. Студенттер спортпен байланысты аурулар мен жарақаттарды емдеу үшін қолданылатын есірткі және дәрі-дәрмек сыныптары туралы біледі.
MSMR 505: Физикалық жаттығулар және Биомеханика
Бұл курс студенттерге түрлі бұлшықеттер, сүйек және сіңірлер қимыл жасау үшін бірге қалай жұмыс істейтіндерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс биомеханиканы түсіну спортпен және дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде қозғалғыштық техникасын жетілдіруге қалай көмектесе алатынына арналады.
Бұл курс биомеханика білімін қозғалыс, физикалық жаттығулар, спорт сияқты физикалық қызметте қолдануға арналған дәрістерден тұрады. Практикалық сабақтарда студенттер жарақаттардың алдын алу, қимылдардың тиімділігін арттыру және оңалту прогресін өлшеу мақсатында адамның қимыл қызметінің ерекшеліктерін бағалауға арналған құралмен және биомеханикалық әдістермен танысады және оларды қолдануға үйренеді.
Курс барысында студенттер: дене белсенділігін және спорттық нәтижелерді бағалаудың биомеханикалық дағдыларын игереді; спортшылардың және спортшылар еместердің спорттық нәтижелерін арттыру және оңалту бағытында биомеханикалық ақпаратты түсіндіре алады; сандық және сапалық биомеханикалық талдау жүргізуге қабілетті болады; өнімділікті барынша арттыру, жарақаттардың алдын алу бойынша биомеханикалық дағдыларды қолдана алады, сондай-ақ жаттығудың жаңа әдістері мен режимдерін бағалайды.
Дәрістер мен практикалық сабақтар ғылыми негізделген ғылыми-клиникалық ресурстарды пайдалана отырып дайындалған слайдтармен, модельдермен, бейнероликтермен, үлестірме материалдармен сүйемелденеді. Бұдан басқа, шағын топтардағы талқылаулар игерілген тұжырымдамаларды жетілдіруге мүмкіндік береді. Зертханалық сабақтар Kinovea қозғалысын талдауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып алынған деректерді қолдануға (https://www.kinovea.org/), сондай-ақ пластикалық анатомия, мануалды бұлшықет тестілеу, пальпация, қимылдар көлемін бағалау, дене қимылы мен күйін талдау және бақылау сияқты дағдылардың практикаларына арналады. Тәжірибелік сабақтар студенттерді биомеханика контексінде сыни шолу процедурасынан өткізеді.
MSMR 510: Биостатистика и Эпидемиология
Бұл курс мол қолданбалы дедуктивті биостатистиканың негізгі түсініктерін қамтиды. Курс аясында студенттер арнайы деректерін қолдана отырып, сипаттама талдаумен, гипотездерді тексерумен, және биварианттық талдаумен танысады. Жиналған деректер осы әдістермен талданады. Бағалау проблемалардың, тапсырмалардың және емтихандардың жеке және топтық жиынтықтарына негізделген.
MSMR 701: Этика және кәсіби шеберлік
Спорттық медицинада этика практикасы көптеген ерекше қиындықтарды тудырады, себебі ойыншыларға негізгі мақсаты жеңіске жету үшін ойыншыларға күтім жасаудың ерекше клиникалық ортасы. Этикалық мәселелер жиі туындайды, себебі дәрігер-пациент-командалық үштік дәрігер мен пациенттің дәстүрлі қарым-қатынасын жиі ауыстырады. Команданың басымдығы дәрігердің ойыншының әл-ауқатына деген міндеттемесімен қақтығысқан немесе тіпті оны ауыстырған кезде жанжал туындауы мүмкін. Автономия мен құпиялылық сияқты клиникалық практиканың көптеген түрлерін реттейтін әдеттегі этикалық нормалар спорттық медицинаға оңай аударыла бермейді. Осылайша, бұл курс этикалық қағидаларды және олардың спорттық медицинамен байланысының мысалдарымен таныстырады және талқылайды.
MSMR 502: Спорт және дене шынықтыру жаттығулары саласындағы тамақтану
Бұл курста студенттер спортта белгілі бір мақсаттарға жету үшін теңдестірілген тамақтану мен тамақтану кағидаттарын уйренеді. Дене майынан арылу, бұлшық ет/сүйек массасын өсіру және қалпына келтіру үшін тамақтану режимдерінің түрлері қаралатын болады. Бұл курс студенттерге спорттық жетістіктерге, жалпы денсаулық пен әл-ауқатқа байланысты қазіргі кездегі ғылыми дәлелдемелер негізіндегі басты тамақтану тұжырымдамаларын беруге бағытталған. Студенттер негізгі диеталық бағалау, дене құрамы және энергия алмасуында алған білімдерін денсаулықты жақсарту, спорттық сауықтыру мен қалпына келтіру үшін қолайлы диеталық режимдерді ұсыну үшін қолдана алады. Студенттер жаттығуды қалпына келтіруге дейінгі, жаттығу кезінде және одан кейінгі диеталық ұсыныстарды талқылайды. Бұл курс сонымен қатар студенттерге спорттық тағамдар мен қоспалардың түрлеріне кең шолу жасайды, бұл студенттерге спорттық жетістіктерді жақсарту үшін қоспаларды қолдану туралы шешімдер қабылдау кезінде кездесетін қиындықтарды түсінуге мүмкіндік береді.
MSMR 506: Спорттық медицина жөніндегі семинар
Бұл курс спорттық медицина және оңалту саласындағы ағымдағы молекулалық зерттеулерді сыни талдау бойынша жаттығулар түрінде құрастырылған. Курс осы саладағы ағымдағы тұжырымдамаларға бағытталатын болады, олар таңдалып жарияланған ғылыми әдебиетті оқу және сыни талқылау жолымен қарастырылады. Студенттерге ғылыми әдебиеттер оқу ұсынылады, содан кейін сабақ барысында студенттер олармен таныстырады және сыни тұрғыдан оларды талдайды.
MSMR 511: Зерттеу жобасына кіріспе
Осы курс барысында студенттер зерттеу жобасын әзірлеу үшін әдебиеттерді және басқа да ғылыми дерек көздерін іздестіруді үйренеді. Студент пен жетекшінің өзара іс-қимылына бағытталған курс студенттері гипотезаны құрастыру тұжырымдамасымен және эксперименталды тәсілдемені әзірлеумен таныстырады.
Курс екі компоненттен тұрады, олардың бірі сандық, екіншісі сапалы зерттеулерге бағытталған. Курстың бірінші жартысында студенттер сапалы зерттеу үшін тақырыпты анықтауға, гипотеза құруға, нақты мақсаттар және сандық жоспарды орындау бойынша эксперименталды жоспар жасауды үйренеді. Екінші жартысында біз теориялық негіздерді, зерттеуді жобалауды, мәліметтерді жинауды, деректерді талдауды және зерттеу нәтижелерін жазуды қамтитын сапалы зерттеу әдістерінің негіздерін қарастырамыз.
MSMR 508: Дене шынықтыру және салауаттылық
Бұл – денсаулық және дене шынықтыру қағидаттары жөніндегі практикалық, қысқаша 4 апталық кіріспе курс. Осы курста денсаулық, салауаттылық, спорт және дене шынықтыру жөнінде негізгі тұжырымдар беріледі. Студенттер екі бағыттың бірін таңдай алады: 1) кардиореспираторлық немесе 2) күштік. Екі бағыт та дұрыс тамақтануға қатысты, басшылыққа алынатын қағидаттарды қамтиды. Студенттер НУ Спорт орталығында жетекшілікпен орындалатын бір сағаттық немесе екі сағаттық жаттығулардың спорт режимін қамти отырып, екі бағыттың бірін таңдайды. Бұдан басқа, олар ауториялық сабақтар мен өзіндік жұмыс барысында дене шынықтыру мен денсаулық (дұрыс тамақтануды қоса алғанда) жөніндегі теорияны меңгереді. Денсаулығы сыр беретін студенттерге де осы курстың нысаналы бағыттарына қосылған жөн. Мұнда олар жаттығулардың өмірдегі физикалық, психологиялық және әлеуметтік аспектілерге оң әсері жайлы біледі. Осы бағыттар үшін физикалық жаттығулар артықшылықтарды барынша пайдалану және тәуекелді азайту мақсатында жеке болады. Курс аяқталғанда спортқа қатысты мақсаттарын толық іске асыру үшін студенттерге жаттықтырушының және НУ оқытушы-профессорлар құрамының басшылығымен таңдап алынған спорттық режимін тағы 8 апта жалғастыру ұсынылады.
MSMR 509: Оңалтуға арналған роботтар
Бұл курста адамның тірек-қимыл аппараты неврологиялық және спорттық жарақаттарды қалпына келтіруге көмектесетін роботты экзоскелеттерді жобалау үшін компьютерлердің көмегімен модельдену және модельдеу әдісі қарастырылады. Студенттер жоғалған қимылдары мен күштерін қалпына келтіруде пациенттерді оңалту үшін роботты технологияны қолдануды үйренеді. Қарастырылатын тақырыптар:
MSMR 514: Бейімделген дене шынықтыру
Бұл курс әр түрлі жастағы, физикалық мүмкіндіктері бар және ілеспелі аурулары бар адамдарға бейімделген дене белсенділігін тағайындау принциптерін қамтиды. Бұл курс аясында студенттер: бейімделген дене белсенділігі мен білім берудің ұйымдастырушылық және пәнаралық негіздерін түсінеді; әртүрлі қатар жүретін, мүгедектік жағдайларды бағалау және бейімделген дене жаттығулары, демалыс және спорт арқылы өмір сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу; әр түрлі жастағы, дене мүмкіндіктері мен қатар жүретін аурулары бар адамдар үшін дене шынықтыру, бейімделген дене шынықтыру, демалыс және спорттық іс-шараларды тағайындайды.
Бұл курс спорт ғылымдары, бейімді дене жаттығулары, дене шынықтыру пәндерін оқыту, білім беруді басқару, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау, спорттық медицина және оңалту салаларына қызығушылық танытушыларға арналған.
MSMR 515: Өмір үшін құнарлы тамақтану
Бұл курс студенттердің интерактивті жұмысы арқылы және қоректік заттар деп аталатын тағамның ең маңызды компоненттерін енгізу арқылы тамақтанудың не екенін көрсетеді. Қоректік заттардың энергия, өсу және күтім үшін отын ретіндегі маңызды рөлдері талқыланады және осы қоректік заттардың көпшілігінің күнделікті тұтынуы әртүрлі жобалар арқылы студенттермен өлшенеді. Әрбір жобаның алдында осы қоректік заттардың кейбірінің қорытылуы, сіңуі және функциялары түсіндіріледі. Әртүрлі мәдениеттерден шыққан әртүрлі тағамдар сыныпқа таныстырылады және студенттер бірнеше тағамдарды жасайды. Студенттер әр тағам туралы және тағамдағы әрбір қоректік затты көп немесе аз тұтынудың пайдасы немесе қауіптері туралы айтатын көрмелер мен презентациялар болады. Дәмі мен мәдениеті, әлеуметтік себептер мен үрдістер, құны, уақыты сияқты тағам таңдауымызға әсер ететін факторлар да талқыланады. Әртүрлі өмірлік циклдар арқылы тамақтану, Қазақстандағы және басқа мәдениеттердегі тамақтану да осы курстың кейбір тақырыптары болып табылады. Семинар барысында студенттер стрессті азайту, жақсы ұйықтау, салмақ жоғалту, бұлшық еттерді көбейту немесе жақсартуларды көргісі келетін кез келген басқа салада салауатты өмір сүруге бағытталған жеке жобалармен жұмыс істейді. Студенттер өздерінің таңдау мүмкіндігіне ие болады. өз мақсаттары.
MSMR 513: Спорттық медицина және реабилитация практикасы
Спорттық медицина және реабилитация (СМР) практикасы студенттерге спортшыларды, барлық жастағы жарақаттармен, жүйке-тірек-қимыл аппараты бұзылыстарымен ауруларга және мүгедектерге диагноз қою, басқару және оңалту бойынша дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Осы практиканы аяқтағаннан кейін студенттер білімді, дағдыларды және әртараптандырылған клиентке / пациентке бағытталған көмекке деген көзқарасқа ие болады. Студенттерге академиялық білімі мен икемділігіне сүйене отырып, СМР-дің белгілі бір бағыттарына назар аударуға және жұмысқа орналасудың болашақ мүмкіндіктерін зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе алаңын таңдау ұсынылады.
MSMR 601: Спорт және оңалту психологиясы
Бұл курс студенттерге спорттағы өнімділіктің оңтайлы деңгейіне жетуде психологияның қалай рөл атқаратынын түсінуге мүмкіндік береді. Студенттер сондай-ақ жарақатты қалпына келтіру процесінде пациенттің мотивациясын сақтау үшін қажетті дағдылар туралы біледі
MSMR 507: Жарақаттарды емдеу және оңалту
Бұл курс спортшылар және спортшы емес адамдардың тірек-қимыл аппараты жарақаттарының алдын алу және емдеу негіздемелеріне арналады. Жарақаттанудың алдын алуда дұрыс форманы және физикалық әдеттерді сақтаудың маңыздылығы талқыланады. Ауырсынуды жеңілдетумен, сауығуға қол жеткізумен байланысты оңалту тетіктері мен әдістері, сондай-ақ тірек-қимыл аппаратының жарақаттары кезіндегі жаттығулар хаттамалары қаралатын болады. Курс қалпына келтіру мен сауықтырудың прогрессивті бағдарламаларын жоспарлау, іске асыру және бақылау үшін қажетті білім мен дағдыларды ұсынады. Студенттер ғылыми негізделген бағдарламаларды дайындау үшін қалпына келтіру процесін қалай үйренуге және емдеудің нақты кезеңдерін анықтауға болатындығын біледі. Әдістерге прогрессия мен дәйектілік, тексеру және бағалау, жұмсақ тіндер мен буындарды жұмылдыруды қолдану кіреді; икемділік пен қозғалыс ауқымы, бұлшықет төзімділігі және күш жаттығулары; ептілік, үйлестіру және тепе-теңдік жаттығулары, сонымен қатар қалыпты дене жаттығуларын орындау және спортқа толық оралу үшін функцияларды қалпына келтіру.
Осы курсты аяқтағаннан кейін сіз: тірек-қимыл аппаратының жалпы жарақаттарының патофизиологиялық механизмін және олардың ауырсынумен және/немесе сарқылумен байланысын түсіндіре алатын боласыз; жарақатты алдын алу үшін жаттығулар мен дене шынықтырудың маңыздылығын маңыздығын түсінесіз; пациенттер және спортшылармен сұхбаттасу барысында және клиникалық сценарийлерді қарастыру барысында тірек-қимыл аппаратының жарақаттарын бағалау және диагностикалауды уйреңесіз; ауырсынуды жеңілдету және қалпына келтіруге қол жеткізу үшін жеке жаттығу бағдарламаларын жасауды үйрене отырып; дұрыс форма мен әдеттің жарақаттың қайталанбауына маңыздылығын түсінезіз; сәтті қалпына келтіру үшін пациенттердің әртүрлі сценарийлеріне (қант диабеті, бұлшықет атрофиясы, сүйек/шеміршек зақымдануы және т.б.) арналған негізгі жаттығу бағдарламаларын жасауды үйреңісіз.
MSMR 603: Магистранттардың зерттеу жұмысы
Курс/зерттеу жұмысы 2-ші оқу жылының 1-семестрінде басталып, 2-ші оқу жылының 2-семестрінде магистранттың диссертациялық зерттеуімен аяқталады. Зерттеу жұмысы студенттерге спорттық медицина және оңалту саласында озық зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Студенттер Мектептің білікті оқытушыларының жетекшілік етуімен және олардың бақылауымен өз зерттеулерін жүргізу үшін НУММ-нің толық функционалдық және оңай қолжетімді зертханаларын және Университеттің Атлетикалық орталығындағы сауықтыру спорт ғимараттарын пайдалана алады. Курстың мақсаты- студенттердің:
MSMR 602: Достижения в области спорта и реабилитации
Во время этого курса студенты узнают о новых разработках , с точки зрения концепций и технологий, в области спорта и реабилитации. В новейшем передовом реабилитационном центре спортивного центра НУ студенты узнают о технических достижениях последнего времени для оценки движения/подвижности, и их применения для учучшения спортивных результатов, и реабилитации травм. Курс будет охватывать технические подходы и концепции, связанные как с физическими, так и с ментальными аспектами спорта и реабилитации. Курс включает в себя элементы преподавания в классе, а также в лаборатории, следовательно, за него можно получить 8 кредитов ECTS.
Курс состоит из трех частей, посвященных практике и оценке диагностических подходов в областях: 1) психического здоровья, 2) оценки и оптимизации спортивных результатов, 3) спортивной информатики. После завершения курса студенты смогут:
Спорт және оңалту саласындағы жетістіктер
Осы курстың барысында студенттер тұжырымдамалар мен технологиялар тұрғысынан спорт және оңалту саласындағы жаңа әзірлемелер туралы біледі. НУ-дың спорт орталығында жаңадан құрылған озық оңалту орталығында студенттер қозғалыстарды/ширақтылықты бағалау үшін соңғы уақыттың техникалық жетістіктері мен спорттық нәтижелерді жақсарту және жарақаттарды оңалту үшін оларды қолдану туралы білетін болады. Курс спорт пен оңалтудың психикалық, сондай-ақ физикалық аспектілерімен байланысты техникалық тәсілдер мен тұжырымдамаларды қамтиды. Курс сыныпта, сондай-ақ зертханада оқыту элементтерін қамтиды, сондықтан ол бойынша ECTS-тің 8 кредитін алуға болады.
Курс терапевтикалық және диагностикалық тәсілдерді тәжірибелеу мен бағалауға арналған үш бөлімнен тұрады: 1) психикалық денсаулық, 2) спорттық нәтижелерді бағалау және оңтайландыру, 3) спорттық информатика.
Осы курсты аяқталғаннан кейін студенттер мыналарды үйренеді:
- Оңтайлы физикалық/атлетикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданыстағы тәсілдердің негіздемесін және олардың қолданылуын түсіндіру.
- Оңтайлы спорттық/оңалту мақсаттарына қол жеткізу үшін жаңа тұжырымдамаларды қолдану.
- НУ спорт орталығында спорт нәтижелері мен спорттық емес ұтқырлықты бағалау үшін спортшылармен/пациенттермен жұмыс жасау.
MSMR 702: Магистерская исследовательская диссертация
Магистерская диссертация является кульминацией исследовательской работы студента, представляя собой научно обоснованный проект, готовый к презентации и защите перед экспертной комиссией. Студенты применят навыки критического мышления для проведения углубленного научного исследования.
Курс направлен на развитие устных и письменных навыков презентации, а также на получение опыта в критической оценке собственной научной работы в контексте опубликованной литературы в области спортивной медицины и реабилитации.
Курс позволит студентам:
Оқытушылар құрамы
Академиялық және студенттік мәселелер жөніндегі вице-декан, Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламасының Директоры, Профессор
Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламасының вице-директоры, Нұсқаушы