Питтсбург Университетінің Медицина Мектебі
Біздің стратегиялық академиялық серіктесіміз Питтсбург Университетінің Медицина Мектебі. Питтсбург Университетінің Медицина Мектебі клиникалық зерттеулер мен гуманистік көмек көрсетуде көшбасшы болып табылатын ғылыми негізделген, білікті және жанашыр клиницистерді тәрбиелеуге тырысады. 2012 жылы Питтсбург Университетінің Медицина Мектебіне 125 жыл толды, ол ғылыми қаруланған, тәжірибесі бар және 21 ғасырда практикалық медицинаның өктем талаптарына жауап беруге дайын бейілді дәрігерлер болып табылатын, сондай-ақ адамның өмір сүру жағдайын жақсартуға және медицина ғылымының іргелі ұғымдарын ілгерілетуге бағдарланған осы заманғы озық зерттеулер жүргізуге дайын дәрігерлер дайындауда Назарбаев Университеті Медицина Мектебінің мақсаттарын қолдайды. Мектеп биомедициналық зерттеулер бойынша таңдаулы АҚШ университеттерінің бірінші ондығына кіреді, оған Ұлттық денсаулық институты қаржылық қолдау көрсетеді, оның дәрігер түлектері АҚШ-та дәйекті түрде медициналық лицензиялаудан өткізіледі және іс жүзінде барлық Медицина салаларында таңдаулы оқу бағдарламаларында оқуын жалғастырады. Мектеп д-р Джонас Солк пен оның ғалымдар командасының полиомиелитке қарсы бірінші қауіпсіз, тиімді вакцинаны ойлап табуымен жақсы таныс, ал жуырда күндердің бір күнінде сал болып қалған адамдардың олардың миларынан берілетін сигналдарды пайдаланып робот қатысатын аяқ-қолдарын дербес басқаруға мүмкіндік беретін өміршең клиникалық орган мен компьютерлік мидың интерфейсті технологиясы ретінде органдарды трансплантациялау жаңашылдық ілгерілеуімен атағы тағы шықты.