Фармакология және токсикология саласындағы магистратура

Фармакология және токсикология саласындағы магистрлік бағдарлама халықаралық стандарттарға негізделген және дәрігерлерге, медбикелерге және басқа да практиктерге, сондай-ақ биологияға қатысты салалардың түлектеріне арналған. Басқа бағыттардың түлектерін қарау жеке негізде жүзеге асырылатын болады.

Бағдарлама студенттерге фармакологиялық және токсикологиялық зерттеулердің кең ауқымын білуге, сондай-ақ негізгі және клиникалық фармакология арасындағы алшақтықты азайту мақсатында клиникалық зерттеулерде фармакология принциптерін қолдануға кең мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, олар клиникаға дейінгі кезеңде токсикологияның әртүрлі аспектілері бойынша оқытылады, мысалы, дәрілік заттарды жетілдіру және әзірлеу, сондай-ақ клиникалық кезеңде, соның ішінде дәрілік заттардың өзара әрекеттесуін бақылау мен анықтау және фармакологиялық қадағалау жүргізу.

Жалпы ақпарат

Кампус: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, NU Медицина мектебінің ғимараты

Тілі: Ағылшын тілінде

Оқыту түрі: Күндізгі бағдарлама, кампуста

Ұзақтығы: 2 жыл

Жалпы ECTS кредиті: 120


Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде (НУММ) фармакология және токсикология саласындағы магистратура бағдарламасы студенттерге медицинамен байланысты терапевтік зерттеулердің маңызды аспектілері туралы кең ұғымды түсінуге мүмкіндік береді. Курстың мақсаты - студенттерді фармакология және токсикологияның теориялық және практикалық қағидаттарымен, сондай-ақ кеңінен қолданылатын терапевтік құралдардың табиғаты және әсерімен таныстыру.


Бағдарлама студенттерді негізгі және клиникалық фармакология арасындағы алшақтықты жою үшін негізгі фармакологиялық және токсикологиялық зерттеулердің кең ауқымымен, сондай-ақ клиникалық зерттеулерде фармакология қағидаттарын қолданумен таныстырады. Сонымен қатар, студенттер дәріаралық өзара іс-әрекетті мониторингтеу және анықтау және фармакологиялық қадағалауды қоса алғанда, дәрілік заттарды іздеу және әзірлеу әдістерін жетілдіру сияқты, сондай-ақ клиникалық кезеңде, клиникаға дейінгі кезеңде токсикологияның әртүрлі аспектілерін оқиды.


Бұл бағдарлама екі жылға есептелген және дәрігерлерге, медбикелерге және басқа да тәжірибелі медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ биология ғылымдарымен байланысты мамандықтардың түлектеріне арналған. Оқудың бірінші жылы ішінде фармакология/токсикология бойынша негізгі материалдар фармакология және токсикология саласында теориялық білім алуды жеңілдетуге арналған дәрістер, оқу құралдары мен семинарларды пайдалана отырып зерттелетін болады. Бағдарламаның екінші жылы ғылыми зерттеулерге арналады. Екінші курстың бірінші жартысы ғылыми сын мен ғылыми жазбаға баса назар аудара отырып, зерттеу туралы теориялық білімге бағытталады. Соңғы оқу жылының екінші бөлімі гипотезаға негізделген зерттеу жобасына арналады. Сондай-ақ, студенттерге икемді оқу бағдарламасын ұсыну үшін оларға бірнеше түрлі элективті курстарды таңдау ұсынылады. Студенттерге ​​НУММ-да ұсынылатын кез келген элективті курстарды немесе НУ басқа мектептерінен кез келген баламалы курстарды таңдау еркіндігі беріледі.


Бағдарлама түлектерді докторантура деңгейінде немесе клиникалық сынақтар, ғылыми зерттеулер, медицина немесе фармацевтикалық өндіріс саласындағы мансапқа дайындайды. Курстық тапсырмаларды, жазбаша емтихандарды, презентацияларды және ғылыми-зерттеу жобасын, содан кейін диссертация мен ауызша емтиханды қоса алғанда, бағалау әртүрлі әдістерді қолдана отырып жүзеге асырылады.


Фармакология және токсикология саласындағы магистратура бағдарламасы Қазақстан Республикасында бірінші болып табылады, себебі қазіргі уақытта елде фармакология және токсикология бойынша магистратура бағдарламалары жоқ. НУММ зерттеу ортасында жоғары сапалы білім береді, ол студенттерге кәсіби мансабын жақсартуға және Қазақстандағы фармацевтикалық және медициналық секторлардың өсуі мен дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.


Мансаптық өсу және одан әрі білім алу мүмкіндіктері

Осы бағдарламаның түлектері Қазақстанда немесе шетелде PhD деңгейінде оқуын жалғастыра алады. Сондай-ақ, түлектер клиникалық сынақтар, зерттеулер жүргізе алады немесе бүкіл әлем бойынша фармацевтика саласында жұмыс жасай алады. Мансаптық өсудің қосымша мүмкіндіктеріне нормативтік-құқықтық реттеу, патенттік сенім білдірілген өкілдер және медициналық сату өкілдерінің лауазымдары кіреді.

Бағдарламаның мақсаттары

Бағдарламаның мақсаттары:

  • Фармакология мен токсикологияның озық саласында дағдыларды, құзыреттіліктерді және білімді игеруді қамтамасыз ету.
  • Аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеуді жақсарту үшін фармакология саласындағы инновацияларды ынталандыру.
  • Дәрілік заттарды қолдану мен қауіпсіздіктің білімі мен тәжірибесін жақсарту.

Мансаптық мүмкіндіктер

Осы бағдарламаның түлектері докторантура бағдарламасы бойынша оқуын Қазақстанда немесе шетелде жалғастыра алады. Басқалары бүкіл әлем бойынша клиникалық сынақтар, зерттеулер немесе фармацевтика саласында мансап іздеуі мүмкін. Қосымша мансаптық өсу мүмкіндіктері нормативтік-құқықтық реттеу мамандары лауазымдарын, патенттік сенім білдірілген өкілдерді, ғылыми авторлар және медицина саласындағы сауда өкілдерін қамтиды. Сондай-ақ, фармакология және токсикология бойынша жоғары сұранысқа ие оқу курсы студенттерге фармацевтика өнеркәсібі ұсына алатын мүмкіндікті береді. Студенттерді осындай мүмкіндіктерге дайындау және оларға жақсы бастама беру үшін, кәсіпорындарға баруды және осы саладағы сарапшыларды мамандандырылған дәрістерді оқуға, сондай-ақ бірлескен зерттеулер жүргізуге шақыруды қоса алғанда, біз оларды жергілікті фармацевтикалық компаниялармен таныстыруға тырысамыз. Бұл компонентті курсқа қосу студенттерге фармакологтар мен токсикологтар үшін бар әртүрлі мүмкіндіктер туралы білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ студенттерді инновацияларды бағалауға және ескеруге және зерттеу нәтижелерін мансабының алғашқы кезеңдерінде табысты кәсіпорындарға енгізуге шақырады.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін түлектер:

  • Фармакология және токсикология принциптерін, сондай-ақ кеңінен қолданылатын препараттардың әсерін және қолдану механизмін талдай алады;
  • Фармакология және токсикология саласындағы тиісті білімді қолдана алады, соның ішінде дәрілік заттардың уыттылығын және олардың ғылыми зерттеулер мен тәжірибеде өзара әрекеттесуін біледі;
  • Фармакология және токсикология мәселелерін зерттеу үшін сыни ойлау мен аналитикалық дағдыларды қолдана алады;
  • Күрделі ғылыми ақпаратты береді және таратады;
  • Ғылыми зерттеулерді этикалық және кәсіби стандарттарға сәйкес толық орындай алады.

Тіркеу кезеңдері

1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз

Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Магистратура/Резидентура» бағдарламасын таңдау кажет.

Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.

Жеке кабинетіңізде өтінім беру Нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.


2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз

Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:

1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);

3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;

4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.


3 ҚАДАМ. Тіркелу жарнасын төлеу және өтініш беруді аяқтау

Өтінім беру процесін аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздегі «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басыңыз. Тіркелу жарнасы Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Тіркелу жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды.


Үміткерлер Назарбаев Университетінің 2-ден артық магистратура / докторантура бағдарламаларына өтініш бере алмайды. Екі бағдарламаға қабылданған жағдайда үміткер тек бір бағдарламаны таңдауы тиіс.


Тіркелу жарнасы 15 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады (ерекшелік — Жоғары бизнес мектебі). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.

Өтінім беруді аяқтағаннан кейін үміткер 2-қадамда сипатталған әрекеттерге өзгерістер енгізе алмайды.


4 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелерін ұсыну

Үміткерлер IELTS/TOEFL/GRE/GMAT сертификатын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:

  • IELTS/TOEFL/GRE/GMAT жарамды сертификаттың электрондық нәтижесін Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберу;
  • IELTS/TOEFL сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның деректерін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.
  • Қажетті құжаттарды жүктеп салу кезеңінде GRE/GMAT сертификаттың сканерленген көшірмесін (бар болса немесе бағдарламамен талап етілсе) «My Application Forms» (Step 2) бөлімінде жүктеу.

Тест әкімшісі арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:

  • IELTS үшін код: NU
  • TOEFL iBT үшін код: 6762
  • GRE үшін код: 6496
  • GMAT үшін код: H6m-R7-93

IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелердің Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Үміткер Тест әкімшісіне (Тест орталығына) өзі хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуі қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.

Ұсынылған сертификаттардың нәтижелері өтінімді тапсырған уақытқа дейін аяқталмаса, жарамды болып саналады.

IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық нұсқаулық үміткерлердің Жеке кабинетінде қолжетімді. IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері байқауда қарастырылмайды.


Yміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен құжаттамамен расталған мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

  • ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда;
  • үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса.

Одан арғы қадамдар

Сіз өтінім бергеннен кейін, сіздің ұсынушыларыңыздың электрондық пошталарына жіберілген электрондық нысанға сәйкес Назарбаев Университетіне ұсыным хаттарды ұсыну туралы автоматты хабарлама жіберіледі. Ұсыным хаттарды ұсыну бойынша толық нұсқаулық Жеке кабинетте қолжетімді.


Сіздің өтініміңіздің статусы туралы білу үшін Жеке кабинетіңізден қараңыз және Назарбаев Университетінің хабарламаларын электрондық поштаңыздан тексеріңіз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.


Сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз. Сұхбат ағылшын тілінде өтеді.


Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.

Оқуға қабылдау талаптары

Фармакология және токсикология саласындағы магистратура бағдарламаcына оқуға түсетін үміткерлерде:

  • Тиісті саладағы бакалавр (немесе баламасы) және/немесе магистр дәрежесінің (немесе баламасы) болуы тиіс. Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен дипломды ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • Үміткерлер өздері оқыған университеттен олардың мекемеде оқуын бітіргені және түпкілікті транскриптті және/немесе дипломды ресми табыс ету белгіленген күнге жоспарланғаны туралы растауын алғанда ғана шартты түрде оқуға қабылдануы мүмкін. Мұндай жағдайда оқуға қабылдау туралы шешімде үміткер қажетті құжаттарды Университетке ұсынатын уақыт кезеңі көрсетілуі тиіс;
  • ең төменгі CGPA 4.0-ден кемінде 2.5 немесе үміткердің дәрежесінің баламасы болуы;
  • ағылшын тілін білудің қажетті деңгейі;
  • жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (опциялық). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап емес екендігіне қарамастан, үміткер GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі;
  • екі құпия ұсыным хат;
  • тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда). Бұл міндетті емес талап болса да, үміткер өзінің өтінім нысанын осындай растау құжаттарымен күшейте алады.

Ағылшын тілі бойынша ең төменгі талаптар

Бағдарламаға қабылдау үшін ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларына қойылатын ең төменгі талаптар мынадай:

  1. Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  2. Назарбаев Университетінің бағдарламасына дайындық жылына оқуға түсу үшін ағылшын тілін білудің IELTS тестісі бойынша нәтижелерге қойылатын ең төменгі талап 5,5 балды құрайды, бір бөлім бойынша 5.0 нәтижесімен немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Диплом берілген дәрежесімен және транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты (Home edition-нан басқа) (егер қолданылса);
  • Оқыту тілі ретіндегі ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат. (ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама бойынша білім беру негізінде академиялы дәреже берілген үміткерлер үшін ғана және IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификатын ұсынудан босату сұратылады);
  • Құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар GRE/GMAT нәтижелері (опциямен);
  • Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным хат беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз;
  • Негіздеме хат (500 сөз немесе одан аз);
  • Медициналық анықтама 075у (Қазақстан азаматтары үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/Студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі;
  • Тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде түйіндемеде, ұсыным хаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда).
  • Қажет болған жағдайда Қабылдау комиссиясы немесе Қабылдау департаменті қосымша құжаттарды сұрай алады.

Маңызды күндер

Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:

Барлық грант түрлері бойынша өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы 23 желтоқсан сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен), шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.

Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:

  • Шетел азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 17 наурыз сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 25 маусым сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).

IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

Барлық грант түрлері бойынша өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.

Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:

  • Шетел азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 30 сәуіріне дейін.
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 31 шілдесіне дейін.

Бағдарлау аптасының басталу мерзімі: тамыз 2025

Оқудың басталуы: тамыз 2025

Үмікерлерге қойылатын статустар

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.


Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.


Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.


Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.


Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.


Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.


Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.


Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.


Recommended for admission to Zero Year of Graduate programs. Қабылдау комиссиясы үмңткерді Zero Year of Graduate program бағдарламасына ұсынуға шешім қабылдады. “Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” (Zero Year of Graduate programs) – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратураға тікелей түсу үшін тілдік талаптарға сай келмейтін, магистрлік бағдарламаларға қарқынды тілдік, академиялық және ғылыми дайындықтары бар екі семестрлік күндізгі бағдарлама.


Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.


Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.


Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.


Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады


Accepted Zero Year of Graduate program admission offer. Статус Zero Year of Graduate programs бағдарламасына оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады.


Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.


Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.


Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.


Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.


Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.


Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.


Enrolled to Zero Year of Graduate programs. Кандидат Zero Year of Graduate programs бағдарламасына қабылданды. Cтатус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады. Үміткер ресми түрде студент болып саналады.

Оқу бағдарламасы

Фармакология және токсикология магистрі (MPToX) студенттерге молекулалық, жасушалық және жүйелік фармакология мен токсикологияның әртүрлі аспектілерін үйретуді мақсат етеді. Студенттер есірткінің, улардың, химиялық заттардың және қоршаған орта токсиндерінің адам денсаулығына әсері туралы терең білім алады. Бұл курстық және зерттеу компоненттерінің үйлесімділігін ұсынатын төрт семестрге бөлінген 2 жылдық күндізгі бағдарлама.

1 жыл: Күзгі Семестр

1 жыл: Көктемгі Семестр

2 жыл: Күзгі Семестр

2 жыл: Көктемгі Семестр

Курстардың сипаттамасы

MPTX 501 Ағзалар жүйесі және жалпы аурулар

Патофизиология - бұл оларды туындататын, нәтиже болып табылатын немесе өзгеше жағдайларда аурумен немесе жарақатпен байланысты бұзылған физиологиялық процестерді зерттеу. Патология - бұл әдетте ауру жағдайы уақытында байқалатын жағдайларды сипаттайтын медициналық пән, ал физиология - бұл ағзада болатын процестерді немесе механизмдерді сипаттайтын биологиялық пән. Патология қалыпты емес немесе жағымсыз жағдайды сипаттайды, ал патофизиология аурудың немесе патологиялық жағдайдың салдарынан адам ішінде болатын функционалдық өзгерістерді түсіндіруге ұмтылады. Курс студенттерді әртүрлі аурулардың патогенезімен және әлеуетті фармакологиялық нысаналармен таныстырады. Пән жүрек-тамыр, өкпе, бүйрек, асқазан-ішек жүйелерінің физиологиясы мен патофизиологиясын, неврология мен иммунологияны қамтиды.


MPTX 502 Жасушалық байланыс

Тінді қалыптастыру үшін көп жасушалы ағзалардың жасушалары сигналдарды жіберу және қабылдау, немесе басқа сөзбен айтқанда, бір-бірімен байланысуы керек. Қосылыс жасушалар бір-бірімен тікелей байланысқан кезде жүреді. Балама ретінде жасушалар әдетте еритін молекулалар немесе лигандалар түрінде босатылатын сигналдар жібереді. Лигандалар реципиент жасушаларда биохимиялық реакциялардың каскадтарын белсендіреді, оларға сигналды жауап ретінде түрлендіруге мүмкіндік береді. Осылайша, жасушалар бір-бірінің микро айналысына реакцияларын үйлестіреді және көп жасушалы ағзадағы гомеостаз бен тіндердің бүтіндігін қолдайды. Сигналды жауапқа түрлендіру процесі "сигналды беру" деп аталады. Адам ауруларының көбісі сигнал беру механизмдеріндегі бұзылулармен байланысты. Сондықтан қалыпты және патологиялық жағдайларда осы механизмдерді түсіну тәжірибелік фармакология және дәрі-дәрмек ашу үшін ең бастысы болып табылады.


MPTX 503 Фармакология және токсикология принциптері

Студенттер кеңінен қолданылатын дәрілер мен олардың сіңірілуі, таралуы, метаболизмі және шығарылуы (ADME) туралы, сондай-ақ дәрілердің рецепторларының динамикасын қоса алғанда, дәрілердің фармакодинамикасы туралы біледі. Студенттер жалпы қабылданған фармакологиялық және токсикологиялық терминдерді, оның ішінде агонист, антагонист (қайтымды, қайтымсыз, бәсекелес және т.б.), препараттың жартылай шығарылу кезеңі, таралу көлемі, биоқолжетімділігі, элиминация жылдамдығы, қисық асты алаң және басқа да көптеген тиісті терминдерді зерттейді және қолданады. Сонымен қатар, курстың токсикологиялық компоненті аясында студенттер токсиндер, уыттар, улар және олардың уға қарсы дәрілері туралы біледі. Олар сондай-ақ сот токсикологиясы сияқты зерттеулер мен тәжірибедегі қолданбалы токсикологиямен танысады.


MPTX 604E Ғылыми жазу

Курс аға оқытушының жетекшілігімен топтық сабақтар түрінде өткізіледі, аға оқытушы сабақтарды әр түрлі жазу стильдері арқылы жүргізеді. Студенттер қолжазба жұмыстарын (зерттеу мақаласы, рецензия, редакциялық мақала, коммуникация, тақырыптық зерттеу және перспектива) жазуды үйренеді. Сонымен қатар, олар зерттеу грантына және зерттеу гранттарына өтінім жазуды үйренеді. Курс шағын топтың қызметі негізінде оқу мүмкіндіктері мен интерактивті дәрістерді ұсынады.


MPTX 505 Жаңа дәрілік заттарды іздестіру I

Жаңа дәрілік заттарды іздестіру - бұл ұзақ, күрделі және қымбат процесс. Техникалық прогреске қарамастан, жаңа дәрілік затты әзірлеуге мақсат анықталған сәттен бастап оны шамамен орташа құны екі миллиард доллардан асатын нарықта бекіткенге дейін орта есеппен 10-15 жыл талап етіледі. Курс дәрілік заттарды іздеудің және әзірлеудің мультидисциплинарлық компонентінің негізгі элементтеріне ерекше назар аудара отырып, дәрілік заттарды клиникаға дейінгі бағалаудың білімі мен тәжірибесін тереңдетуге арналған. Тақырып мақсатты сәйкестендіруді, дәрілік препараттарды әзірлеуді, ЖӨС (жоғары өнімділік скринингін) әзірлеуді, дәрілерді әзірлеуді және оңтайландыруды, сондай-ақ клиникаға дейінгі сынақтарды, дәрілерді жеткізуді және нормативтік талаптарды қамтиды.


MPTX 601 Биостатистика және сыни тұрғыда бағалау

Биостатистика және сыни тұрғыда бағалау курсы эпидемиологиялық және биостатистикалық әдістемелер мен клиникалық әдістерді пациент/халықты бақылау зерттеулерін әзірлеу, жүргізу, талдау, түсіндіруде қолдану және есірткіге байланысты әртүрлі нәтижелерді эксперименттік зерттеу үшін теорияны қолдануды қамтитын болады. Нәтижелер дәрі-дәрмектің оң және теріс әсерлерін, жанама әсерлерін, фармацевтикалық әсерлерін және аралық биомаркерлерін қамтиды. Курс фармацевтикалық препараттардың пайдасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін пациенттерге/халыққа арналған құралдар жиынтығын ұсынады.


MPTX 602 Фармакология мен токсикологияның өзекті тақырыптары

Курс фармакология және токсикология саласындағы ағымдағы зерттеулерді сыни тұрғыда талдау бойынша жаттығу болып табылады. Курс фармакология мен токсикологияға қатысты заманауи зерттеулердің әртүрлі тұжырымдамаларын қамтиды. Осы саладағы сарапшылардың дәрістерінен басқа, курста сыни оқуға және ғылыми әдебиеттерді талдауға бағытталған кең ауқымды топтық іс-шаралар болады.


MPTX 506 Жүйелі фармакология II

Жүйелі фармакология II дәрілердің жүйелік фармакология I курсында қамтылмаған адамның әртүрлі жүйелеріне әсерін және бұл функцияларды фармакологиялық түрде қалай басқаруға болатындығын қамтиды. Бұл курсқа кіретін физиологиялық жүйелерге обыр химиотерапиясы; жұқпалы аурулар; қабыну медиаторлары, қабынуға қарсы препараттар; иммундық модуляторлар; диабетке қарсы препараттар; құнарлылыққа әсер ететін гормондар мен препараттар; нейрофармакология, атап айтқанда Паркинсон, шизофрения аурулары, мазасыздық, депрессия және эпилепсия кезінде қолданылатын дәрілер; анальгезия және анестезия; сондай-ақ дәрумендер, минералдар мен шөптер жатады.


MPTX 603 Ғылыми-зерттеу жұмысына кіріспе

Ғылыми-зерттеу жұмысына кіріспе студенттерді өздері таңдаған ғылыми-зерттеу жұмысының әдебиеттері мен тиісті ғылыми дереккөздерін іздеуге ынталандыруға бағытталған. Бұл модуль студенттерге жетекші-зерттеуші және гипотезалар генерациясы туралы түсінік береді. Бұдан басқа, студенттер ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі білімдерін іздеу үшін ғылыми жұмыс жазу және биостатистика саласындағы білімдерін қолданады.


MPTX 504 Жүйелі фармакология І

Жүйелі фармакология І дәрілік препараттардың адамның әртүрлі жүйелеріне әсерін, сондай-ақ осы жүйе қандай фармакологиялық әсер беруі мүмкіндігін зерделейді. Осы курсқа енгізілген физиологиялық жүйелер холинергиялық және адренергиялық техникаларға ерекше көңіл бөле отырып, перифериялық нерв жүйесін қамтиды; қан қысымы жоғары болғанда, ангинада және аритмияда дәрілік заттардың пайдалануын ерекше бақылау арқылы, жүрек-қан тамыры және бүйрек фармакологиясы; антикоагулянттар және гиполипидемиялық препараттар; дәрілік препараттарға және семіздікке қарсы қолданатын дәрілерге тәуелдік.


MPTX 507 Дәрілік препараттарға тәуелділік және токсикология

Дәрілік препараттарға тәуелділік және токсикология” курсы алкогольді, темекіні, опиумды, кокаинды және амфетаминді, бензодиазепинді, барбитураттарды, галлюциногендерді, сондай-ақ өнімділікті арттыратын заттарды қабылдауды және асыра пайдалануды қоса алғанда, студенттерді денеге ететін дәрілердің биологиялық негіздерімен таныстырады. Студенттер кеңінен таралған дәрілік заттарға тәуелділік биологиясын зерделейді.


MPTX 509 Дәрілерді анықтау және әзірлеу II

Курс медициналық препараттарды әзірлеудің әр кезеңіне тән мақсаттар мен тәуекелдерді талқылайды, студенттер жарияланған фармакологиялық клиникалық сынақтарды бағалау мен түсіндіруді және олардың нәтижелерінің препараттардың нарыққа кіріуне әсерін сипаттауға көмектеседі. Біз дәрілік заттарды клиникалық әзірлеу мен ілгерілету аясында дәрілік препараттарға қатысты мәселелерді реттейтін органдар мен фармацевтикалық өнеркәсіптің рөлін сипаттаймыз және талдаймыз. Біз дәрілік препараттарды әзірлеу, оларды нарыққа бекіту, дәрігерлердің тағайындаулары және денсаулықты мемлекеттік сақтандыру сызбасына еңгізу үдерісіне клиникалық сынақ пен статистикалық талдау құрылымының әсерін зерттейміз.


MPTX 511E Қоршаған ортаның токсикологиясы

Осы курста қауіпті заттар (ауыр металдар, қоршаған ортаны ластаушылар, радиоактивті компоненттер, пестицидтер және нано материалдар), сондай-ақ ауаны, топырақты және суды ластаушылардың күрделі қоспалары, олардың қозғалысы және қоршаған ортаға әсері зерттеледі. Бұдан басқа, біз денсаулыққа қатысты экологиялық және кәсіптік проблемалар тұжырымдамаларымен олардың адамға әсерін зерделейміз.


MPTX 508 Фармакологиядағы зерттеу әдістері

“Фармакологиядағы зерттеу әдістері” курсы студенттерді әртүрлі зерттеу құралдары мен техникаларымен таныстырады. Осы курс студенттерге қажетті білім береді және олар бұдан әрі өз зерттеу жобасын жүргізу кезінде қолданатын ғылыми-зерттеу қызметін жүргізудің жетік технологияларын қолдану тәсілдерін үйретеді. Жалпы таралған “in vitro” техникаларына қосымша ретте, студенттер сондай -ақ әртүрлі модельді жануарларды пайдаланатын “in vivo” техникаларымен танысады.


MPTX 701 Зерттеу жобасы және диссертация

Бұл зерттеуге негізделген курс. Студенттер білікті зерттеушінің жетекшілігімен гипотезаны құрастырады және тексереді. Олар өздеріне тағайындалған ғылыми жобаларды жүргізу үшін қажетті дағдылар мен білімдерді дамытаты.


MPTX 606 Молекулалық токсикология

Дәрілік заттар, тағамдық қоспалар, тұрмыстық химия, пестицидтер және басқалары сияқты бөгде химиялық заттардың әсері қалыпты жасушалық процестерді бұзуы мүмкін, бұл уыттылыққа әкеп соғады. Бұл курс өнеркәсіптік және тұрмыстық химиялық заттардың әртүрлі тіршілік формаларына, ең алдымен сүтқоректілерге, соның ішінде адамдарға әсерін көрсетуге, сондай-ақ осы уытты әсерлердің жасушалық және молекулалық аспектілерін зерттеуге арналған. Ең алдымен, курс молекулалық және жасушалық процестердің қалыпты жұмыс істеуі туралы түсінік береді, мысалы, жасушалық циклді реттеу, митохондриялардың жұмысы, жасушалық деградация жүйелері, жасушалық қартаю және жасушалық өлімнің әртүрлі формалары. Кейінірек студенттер химиялық заттардың әртүрлі кластары осы молекулалық және жасушалық механизмдерді қалай бұзып, уыттылыққа және, бәлкім, ауруларға әкелетіні туралы түсінік алады. Сонымен қатар, студенттер химиялық заттардың уытты әсерін мүмкіндігінше азайтатын молекулалық қалпына келтіру және бейімделу механизмдерімен танысады. Дәрістер, оқулар мен талқылаулар арқылы студенттер уыттылықтың молекулалық негізі және оны адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп-қатерді бағалау және басқару стратегияларында қалай қолдануға болатыны туралы толық түсінік алады.

Түлектеріміз біз туралы не айтады
  • Камила Хихметова
    2024 жылғы түлек
    Маған бәрінен бұрын сыныптағы достық атмосфера, керемет профессорлар мен сыныптастар ұнады. Ең пайдалысы және, бәлкім, ең қиыны оқытудағы зертханалық компонент болды, бұл мен басқа жерде ала алмайтын білім мен дағдылардың үлкен ауқымы болды.
  • Ислана Гинаятова
    2024 жылғы түлек
    MPTOX бағдарламасы берік академиялық негізді қамтамасыз етті, курстар қызықты және өзекті болды. Әсіресе маған молекулалық жолдарға терең қарастыру ұнады, бұл олардың жасушалар мен организмдерге әсері туралы менің түсінігімді едәуір кеңейтті. Оқытушы-профессорлар құрамы ықыласпен және құрметпен қарай отырып, бізге барлық қолдауларды көрсетті, бұл оқу үшін қолайлы жағдай туғызды. Соңғы семестрдегі зертханалық жұмыстар өте тиімді болды, мен онда көп нәрсені үйрендім.

Оқытушылар құрамы

Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.