Біздің инфрақұрылым мүмкіндіктерімен танысыңыздар
Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің кампусында студенттерге, оқытушылар мен қызметкерлерге университет өмірінің барлық қырларын сезіну үшін барлық жағдай жасалған. Көптеген қызметтер мен мүмкіндіктердің арқасында біз әркім өмір сүре алатын, оқып, жаңа идеяларды дамытатын, жеке және кәсіби салаларда өсіп, өмірден ляззат алатын табысты қауымдастық құруға тырысамыз!
Жалпы қуаттылығы 729 стационарлық төсек, 49 күндізгі төсек және ауысымда 500 амбулаториялық-емханалық бару бар UMC үш инновациялық медициналық орталықты біріктіреді: Ана мен бала орталығы, Жүрек орталығы және Диагностикалық орталық.