Радиология саласындағы резидентура бағдарламасы Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты, ауруханалар Тілі: Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі Оқыту түрі: Күндізгі Ұзақтығы: 5 жыл Мансап: Резидентура түлектері Радиология мамандығы бойынша дәрігер (радиолог) болып жұмыс істейді. |
Жалпы ақпарат
Радиология саласындағы резидентура бағдарламасы – бұл педиатрия, жедел радиология, асқазан-ішек жолдары, кеуде қуысы, қимыл-тірек аппараты, жүрек-қан тамырлары жүйесі, сүт бездерін визуалдау, ультрадыбыс, позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ), компьютерлік томография (КТ), магнитті-резонанстық томография (МРТ) сияқты барлық радиологиялық мамандықтар бойынша алғашқы үш жылдағы кезектесетін бес жылдық бағдарлама. Соңғы екі жылда резиденттер уақытының басым бөлігін жалпы радиологияда өткізеді (әртүрлі мамандықтар бойынша оқыту), ал соңғы жылы олар өздерін қызықтыратын мамандандыру бағыттарын таңдау үшін екі алты апталық факультатив өте алады.
Бағдарламаның мақсаттары
Резидентура бағдарламасының мақсаттары:
Мансаптық мүмкіндіктер
Резидентура түлектері радиология саласында маманданған дәрігерлер (радиологтар) ретінде жұмысын жалғастырады. Олар көбінесе ауруханаларда, амбулаториялық орталықтарда, медициналық және диагностикалық зертханаларда немесе онкологиялық орталықтар сияқты мамандандырылған клиникаларда жұмыс істейді. Олар әдетте толық жұмыс күні және кейде мекеменің жұмыс кестесіне байланысты кешке, демалыс және мереке күндері жұмыс істей алады. Кейбір радиологтар практикадан басқа студенттер мен резиденттерге оқытушы-профессорлар құрамның мүшелері ретінде сабақ береді. Зерттеулер басқа медицина мамандары сияқты кәсіби тәжірибемен қатар рентгенологтар атқаратын жұмыстың тағы бір түрі болуы мүмкін. Мамандандыру шеңберінде резиденттер интервенциялық радиология, нейрорадиология, сүт бездерін бейнелеу, педиатриялық бейнелеу және т. б. сияқты салалармен айналыса алады.
Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері
Резиденттер медициналық практиканың барлық алты саласы бойынша ACGME алға қойған мақсатқа жетуге бағытталған оқытудан өтеді, атап айтқанда: Пациенттерге күтім жасау және процедуралық дағдылар, Медициналық білім, Пактикаға негізделген оқыту және жетілдіру, Тұлғааралық және коммуникативтік дағдылар, Кәсібилік, Жүйеге бағытталған практика.
Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін түлектер:
Клиникалық ротация орындары
Тіркеу кезеңдері
1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз
Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетте берілген өтінім беру тәртібі туралы нұсқауларды оқыңыз.
2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз
Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:
1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);
3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;
4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.
3 ҚАДАМ. Өтінім беру ақысын төлеңіз
Өтінім беру ақысы банк картасымен сіздің жеке кабинетіңіз арқылы онлайн режимінде төленеді.
Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.
4 ҚАДАМ. Тіркеу процесін аяқтаңыз
“Submit application” түймесін басу арқылы тіркеу процесін аяқтаңыз. Жіберілгеннен кейін үміткерлер өз өтінімдерін өзгерте алмайды.
5 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп салыңыз
Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.
Одан арғы қадамдар
Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін НУ Студенттерді қабылдау департаментінен және жеке кабинетіңізден келетін хабарландыруларды көру үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз.
Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.
Оқуға қабылдау талаптары
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Маңызды күндер
Резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі - 2024 жылдың 12 ақпанынан 2024 жылдың 10 маусымына дейін.
Үмікерлерге қойылатын статустар
Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.
Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.
Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.
Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.
Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.
Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.
Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.
Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.
Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.
Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады
Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.
Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.
Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.
Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.
Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.
Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.
Оқу бағдарламасы
Радиология саласындағы резидентура бағдарламасы ACGME (Жоғары медициналық білім беру жөніндегі аккредиттеу кеңесі) және Еуропалық резиденттерді даярлау жүйесінің талаптарын ескере отырып, бес жыл бойы даярлаудың оқу бағдарламасын жан-жақты қамту мақсатында әзірленді.
PGY-1 - терапия, жалпы хирургия, реаниматология, шұғыл медицина, жұқпалы аурулар, гинекология және акушерлік сияқты салаларда тағылымдамадан өтуді қамтитын өтпелі жылды білдіреді. Әр тағылымдаманың ұзақтығы 4-тен 8 аптаға дейін өзгереді. Клиникалық ауысымдар аяқталғаннан кейін студенттер радиациялық қорғаныс, бейнелеу технологиясы және информатика қағидаттары, коммуникация және басқару курстары және дәлелді медицина сияқты радиология бойынша мамандандырылған курстарға кіріседі.
PGY-2 - PGY-5 курстары әр түрлі ауысымдар бойынша тар мамандандыру саласындағы радиологиядан тұрады: кеуде, абдоминальді, жүрек-қан тамырлары визуализациясы және сүт бездері визуализациясы, сүйек-бұлшықет, шұғыл радиология, педиатриядағы визуализация, несеп-жыныс, бас және мойын радиологиясы, нейрорадиология, интервенциялық, онкологиялық визуализация, акушерлік және гинекологиядағы радиология, ядролық медицина. Соңғы курстың резиденттері екі элективті курстан өтеді, ол жерде олар өздерін қызықтыратын тар мамандыққа назар аудара алады.
PGY-2 және PGY-4 ауысымдарының ішінде резиденттердің ғылыми қызметіне арналған бірнеше апта бар.
Оқытушылар құрамы
Радиология саласындағы резидентура бағдарламасының Директоры, Нұсқаушы
Таирхан Даутов, MD, PhD, DMSc
Радиология саласындағы резидентура бағдарламасының Со-директоры, UMC клиникалық академиялық радиология департаментінің меңгерушісі
Ботакоз Садырбекова, MD, MSc
UMC ультрадыбыстық диагностика бөлімінің меңгерушісі
Бауыржан Калиев, MD
UMC стационарлық радиология бөлімшесінің меңгерушісі
Виктор Землянский, MD, MSc, PhD
UMC интервенциялық радиология бөлімшесінің меңгерушісі
Bakyt Duisenbayeva, MD, PhD
UMC диагностикалық радиология бөлімшесінің меңгерушісі