Бағдарламаға қатысу талаптары мамандыққа ешқандай шектеулер қоймайды. Алайда, кем дегенде, зертханалық биология және зертхана жұмыстарымен жалпы химия курстарынан тұратын екі жаратылыстану ғылымдарын міндетті түрде бітіру бағдарламаның негізгі талаптарының бірі болып табылады.
Кем дегенде, зертханалық биология және зертхана жұмыстарымен жалпы химия курстарынан тұратын екі жаратылыстану ғылымдарын міндетті түрде бітіру бағларламаның негізгі талаптарының бірі болып табылады. Бұл ретте, өтінім білдіруші кем дегенде ұзақтығы бір жыл болатын келесі курстарды бітіргені дұрыс: зертханалық биология, зертхана жұмыстарымен жалпы химия, зертханалық жұмыстарымен органикалық химия, математика, зертханалық жұмыстарымен физика және ағылшын тілі. Сондай-ақ, гуманитарлық және әлеуметтік пәндерді оқығаны да жөн болады.
Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі бағдарламасы (ҚДСМ) көп салалы болғандықтан оған әртүрлі мамандық иелері құжат тапсыра алады. Атап өтсек, биология, химия, медицина, мейірбике ісі, әлеуметтану, антропология, іскери әкімшілік, қоғамдық саясат, коммуникация және білім беру, статистика мен математика, инженерлік іс және тағы басқа да қатысты салалар мамандары құжат тапсыра алады.
Бакалвр дәрежесінің болуы – бағдарламаның негізгі талаптарының бірі. Статистика мен биология курстарының болуы міндетті болмаса да, бағдарламаға өту мүмкіндігіңізді арттыра түсуі ықтимал. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау немесе жалпы денсаулық сақтау саласында жұмыс немесе волонтерлік тәжірибенің болуы анкетаңыздың қаралуына оң әсерін тигізуі мүмкін.
Онлайн анкетаны толтыру бойынша нұсқауды өтінім берушінің жеке кабинетінде табуға болады (admissions.nu.edu.kz). Сонымен қатар, Қабылдау департаментіне төмендегі мекенжай мен телефондар арқылы хабарласа аласыз:
Қабанбай батыр даңғылы, 53
Астана қаласы, 010000
Қазақстан Республикасы
Call центр +7 (7172) 706555
Жоқ, мұндай шектеулер жоқ.
Молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламасы көп салалы болғандықтан оған әртүрлі мамандық иелері құжат тапсыра алады. Атап өтсек, биология, химия, медицина тағы да басқа қатысты салалар мамандары құжат тапсыра алады.
Клиникалық немесенегізгі ғылымдар саласында бакалвр дәрежесінің болуы – бағдарламаның негізгі талабы. Ғылыми зерттеу мен зертханада жұмыс тәжірибесінің болғаны жақсы болғанымен, негізгі талап болып табылмайды.
Жоқ, мұндай шектеулер жоқ.