Жалпы ақпарат
Акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасы (АК/ГИБ) – бұл медициналық қызмет көрсетудің өсе түсіп отырған тәжірибесін, хирургиялық тәжірибені және жауапкершілікті қамтамасыз етуге арналған акушерлік пен гинекологияның барлық аспектілерін қамтитын дипломнан кейін білім беретін төрт жылдық бағдарлама.
Акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасының мақсаты акушерлік және гинекология саласында көшбасшы болу мүмкіндігі бар тамаша ізденімпаз дәрігерлерді оқыту, сондай-ақ клиникалық практика мен зерттеулер тәжірибесі бар және Қазақстан Республикасында және халықаралық деңгейде әйел денсаулығы стандарттарын жақсартауға қабілетті АК/ГИБ саласында сенімді мамандар дайындау болып табылады.
Клиникалық бағдарлама акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасы үшін АСПМО талаптарына сәйкес әзірленген және бүкіл резиденттер үшін АСПМО айқындаған барлық кәсіби құзыретке және бақылау нүктелеріне сай келеді.
Бағдарламаның мақсаттары
Бағдарламаның мақсаттары:
Мансаптық мүмкіндіктер
НУММ-нің Акушерлік және гинекология (АК/ГИН) бойынша резидентура бағдарламасының түлектері "Акушерлік және гинекология бойынша маман" атағын алады. Олар амбулаториялық клиникаларда, көп салалы ауруханалардың гинекологиялық стационарларында, перзентханаларда және акушерлік орталықтарда акушерлік және гинекология мамандары ретінде жұмыс істей алады.
Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері
Акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламсын аяқтағанда резиденттер акушерлік және гинекология үшін АСПМО бақылау нүктелерінің көбі бойынша ғалым дәрежесін алу үшін мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс, атап айтқанда:
1. Медициналық білім (МБ)
Резиденттер қазіргі және дамып келе жатқан биомедицина, клиникалық, эпидемиологиялық және әлеуметтік және мінез-құлық ғылымдары салаларында білімдерін көрсетуі және осы білімдерді пациенттерге күтім көрсету процесінде қолдануды көрсетуі тиіс. Резиденттер мына салаларда меңгерген білімдерін көрсетуі тиіс:
2. Медициналық қызмет көрсету (МҚ)
Резиденттер медициналық проблемаларды шешу және денсаулықты нығайту мақсатында пациенттерге адамгершілік, тиімді және барабар күтім көрсетуді қамтамасыз ету қабілетін көрсетуі тиіс. Резидентткр келесі білімдерін көрсетуі тиіс:
3. Жеке және коммуникациялық дағдылар (ЖКД)
Резиденттер тиімді ақпарат алмасуды және пациенттермен, олардың отбасыларымен және медицина қызметкерлерімен ынтымақтастықты қамтамасыз ететін жеке және коммуникациялық дағыларды көрсетуі тиіс. Резиденттер мыналарды жүзеге асыруы тиіс:
4. Кәсіби шеберлік (К)
Резиденттер кәсіби міндеттерін орындауға және этичкалық принциптерге бейілділігін көрсетуі тиіс. Резиденттер мыналарды көрсетуі тиіс:
5. Практикалық оқыту және жетілдіру (ПОЖ)
Резиденттер өздерінің пациеттерге күтім көрсету сапасын зерттеу және бағалау, ғылыми деректерді бағалау және қорытындылау, сондай-ақ тұрақты өзін өзі бағалау және үздіксіз білім алу негізінде медициналық қызмет көрсетудің сапасын үзіліссіз жақсарту қабілетін көрсетуі тиіс. Резиденттер келесі мақсаттарға қол жеткізу мақсатында дағдылар мен әдеттерді дамытуы тиіс:
6. Жүйелі практика (ЖП)
Резиденттер денсаулық сақтаудың барынша кең мәнмәтіні мен жүйесін түсінуді және ден қоюды сондай-ақ оңтайлы медициналық қызметті қамтамасыз ету үшін жүйедегі басқда ресурстарды тиімді пайдалану қабілетін көрсетуі тиіс. Резиденттер мыналарды жүзеге асыруы тиіс:
Клиникалық ротация орындары
Акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасының клиникалық қызметі алғашқы екі жылда екі негізгі аурухана - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында (АБҰҒО) және №2 қалалық көпсалалы ауруханада (№2 ҚКА) жүзеге асырылатын болады. Үшінші және төртінші курстарда резиденттер Қалалық онкологиялық орталықта және Ұлттық онкология және трансплантология орталығында клиникалық тәжірибеден өтетін болады.
Тіркеу кезеңдері
1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз
Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетте берілген өтінім беру тәртібі туралы нұсқауларды оқыңыз.
2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз
Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:
1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);
3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;
4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.
3 ҚАДАМ. Өтінім беру ақысын төлеңіз
Өтінім беру ақысы банк картасымен сіздің жеке кабинетіңіз арқылы онлайн режимінде төленеді.
Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.
4 ҚАДАМ. Тіркеу процесін аяқтаңыз
“Submit application” түймесін басу арқылы тіркеу процесін аяқтаңыз. Жіберілгеннен кейін үміткерлер өз өтінімдерін өзгерте алмайды.
5 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп салыңыз
Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.
Одан арғы қадамдар
Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін НУ Студенттерді қабылдау департаментінен және жеке кабинетіңізден келетін хабарландыруларды көру үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз.
Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.
Оқуға қабылдау талаптары
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Маңызды күндер
Резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі - 2024 жылдың 12 ақпанынан 2024 жылдың 10 маусымына дейін.
Үмікерлерге қойылатын статустар
Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.
Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.
Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.
Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.
Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.
Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.
Recommended for admission to Zero Year of Graduate programs. Қабылдау комиссиясы үмңткерді Zero Year of Graduate program бағдарламасына ұсынуға шешім қабылдады. “Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” (Zero Year of Graduate programs) – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратураға тікелей түсу үшін тілдік талаптарға сай келмейтін, магистрлік бағдарламаларға қарқынды тілдік, академиялық және ғылыми дайындықтары бар екі семестрлік күндізгі бағдарлама.
Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.
Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.
Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.
Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады
Accepted Zero Year of Graduate program admission offer. Статус Zero Year of Graduate programs бағдарламасына оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады.
Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.
Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.
Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.
Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.
Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.
Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.
Enrolled to Zero Year of Graduate programs. Кандидат Zero Year of Graduate programs бағдарламасына қабылданды. Cтатус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады. Үміткер ресми түрде студент болып саналады.
Оқу бағдарламасы
Клиникалық оқу жоспары акушерлік және гинекологиялық резидентураға арналған ACGME бағдарламалық талаптарына сүйенеді және алдын сипатталғандай, барлық резидентуралар үшін қажетті ACGME құзыреттері мен кезеңдеріне сәйкес келеді.
PGY1
"Интернатура" жылы (1-ші оқу жылының резиденттері) UMC емдеуші дәрігерлерінің, прецепторлардың және НУММ оқытушыларының тиісті бақылауымен жедел және созылмалы аурулары бар және бірнеше стационарлық бөлімшелерге түсетін пациенттермен клиникалық тәжірибеге бағытталған.
Негізі, 1-ші оқу жылының бағдарламасы шеңберіндегі барлық клиникалық іс-шаралар 2 (екі) ауруханада өткізіледі:
Резиденттер стационарлық бөлімшелерде 3 айлық ротация сериясынан өтеді (акушерлік және гинекология):
PGY2
Екінші жыл қосымша клиникалық дағдыларды игеруге, үлкен дербестікті дамытуға және басшылық пен қадағалаудың үлкен тәжірибесін алуға арналады.
Басқару функциялары стационарлық және амбулаториялық қызметтерде, жалпы бейіндегі және жоғары мамандандырылған акушер-гинекологтар топтарында жүргізілетін болады.
Бұл клиникалық дағдылар стационарлық және амбулаториялық-емханалық бөлімшелерде 3 айлық ротация сериясында дамитын болады (акушерлік және гинекология, Репродуктивті эндокринология және бедеулік, УДЗ/ кольпоскопия):
Сонымен қатар резиденттер ұзақ клиникалық тәжірибеден өтеді, ол UMC ауруханаларының/орталықтарының немесе басқа үлестес және сертификатталған орталықтардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке жоспармен анықталады.
Сонымен қатар, резиденттерге тәлімгерлік және НУММ сапасын жақсарту және ғылыми зерттеулер жөніндегі жеке жобалар арқылы өздерінің әлеуетті ғылыми қызығушылықтарын дамыту және кеңейту ұсынылады.
PGY3
Үшінші жыл қосымша клиникалық дағдыларды игеруге, үлкен дербестікті дамытуға және басшылық пен қадағалаудың үлкен тәжірибесін алуға арналады.
Басқару функциялары стационарлық және амбулаториялық қызметтерде, жалпы және тар мамандандыру топтарында орындалады.
Бұл клиникалық дағдылар стационарлық және амбулаториялық бөлімшелерде 3 айлық ротация сериясы барысында дамиды (акушерлік және гинекология, босанғанға дейін бақылау, онкология):
PGY4
Төртінші жыл қосымша клиникалық дағдыларды игеруге, үлкен дербестікті дамытуға және басшылық пен қадағалаудың үлкен тәжірибесін алуға арналады.
Басқару функциялары стационарлық және амбулаториялық қызметтерде, жалпы және тар мамандандыру топтарында орындалады.
Бұл клиникалық дағдылар стационарлық және амбулаториялық бөлімшелерде 3 айлық ротация сериясы барысында дамиды (акушерлік және гинекология, босанғанға дейін бақылау, онкология):
Оқытушылар құрамы
Хирургия кафедрасының меңгеруші м.а., Акушерлік және гинекология резидентура бағдарламасының Директоры, Профессор
Ассистент профессор
Гаури Бапаева, MD, PhD
Профессор, акушерлік және гинекология кафедрасының директоры
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, UMC
Талшын Укыбасова, MD, PhD
Берик Примбетов, MD, PhD
Ляззат Сайдилдина, MD
№2 акушерлік және босану бөлімшесінің меңгерушісі
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, UMC
Даурен Мусин, MD
Данияр Ахметов