Хирургия кафедрасының меңгеруші м.а., Акушерлік және гинекология резидентура бағдарламасының Директоры, Профессор
milan.terzic@nu.edu.kz
Хирургия кафедрасы – 2023 жылдың қаңтарында құрылған Медицина мектебінің үшінші кафедрасы. Хирургия кафедрасында жалпы хирургия, акушерлік және гинекология, урология, ортопедия және травматология, офтальмология, анестезиология және реаниматология, сондай-ақ балалар хирургиясы сияқты хирургиялық пәндердің әртүрлі негізгі бағыттары бойынша халықаралық және жергілікті оқытушы-профессорлар құрамы жұмыс жасайды.
Хирургия кафедрасы NU медицинасының интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің бөлігі ретінде хирургиялық мамандықтардың кең ауқымы бойынша пациенттерге жоғары сапалы, ғылыми негізделген, жан-жақты және жанашырлықпен қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, ACGME-I критерийлеріне сәйкес әзірленген заманауи оқыту бағдарламалары арқылы академиялық хирургиялық пәндердегі көшбасшыларды дамытуға және білім шекараларын кеңейтетін зерттеулер жүргізуге, пациенттерді емдеу үшін инновацияларды, шығармашылықты, ынтымақтастықты және хирургиялық ғылымдарды қолдануды дамытуға арналған.