Қазақстанда молекулалық вирусологияны және эпидемиологияны оқыту (MoVE-Kaz)

MoVE-Kaz туралы

Қазақстандағы молекулалық вирусологияны/эпидемиологияны оқыту бағдарламасы (MoVE-Kaz) - негізгі қазақстандық институттарды қамтитын және американдық, бельгиялық университеттерден қолдау тапқан, бірлескен оқыту бағдарламасы. MoVE-Kaz бағдарламасы аясында жас ғалымдар мен клиницистер молекулалық эпидемиология және АИТВ-пен күрес бойынша білім алатын болады.


Бағдарлама Қазақстандағы ғалымдарға, зерттеушілерге, академиялық медицина мектептерінің оқытушыларына және мемлекеттік денсаулық сақтау қызметшілеріне АИТВ пен қоғамдық денсаулық сақтау саласында зерттеулер жүргізуге және білім алуға мүмкіндік береді. Бұл Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (Астана қ., Қазақстан) мен Нью-Хейвендегі Йель Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің (Коннектикут, АҚШ) арасындағы әріптестік. Басқа да негізгі серіктестеріміз: Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті; Алматыдағы қоғамдық денсаулық сақтау факультеті; Левен католикалық университеті (Бельгия); Нью-Йорк штаты Университеті (SUNY) - Даунстейт, Бруклин, Нью-Йорк, АҚШ. MoVE-Kaz бағдарламасын АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының Халықаралық Фогарти орталығы қаржыландырады.

Бағдарламаға шолу

MoVE-Kaz бағдарламасының мақсаттары:

  • Молекулалық вирусология саласында зерттеу жүргізетін қазақстандық оқытушылардың кадрлық резервін құру;
  • Қазақстанда АИТВ-инфекциясының молекулалық эпидемиологиясы бойынша зерттеу әлеуетін арттыру.

Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері

MoVE-Kaz жобасының мақсаты жаңадан бастап жатқан қазақстандық дәрігерлер мен ғалымдарды оқыту болып табылады:

  • Молекулалық вирусология мен эпидемиологияның негізгі және жетілдірілген тұжырымдамаларын оқытатын екі 3 айлық сертификаттау курсы (1 және 2 модульдер);
  • Молекулалық вирусология мен дала эпидемиологиясы бойынша 18 айлық зерттеу сертификаттары курсы (3 модуль) шеңберінде инфекцияның пайда болуын және таралуын, дәріге төзімділігін және вирустық түрлерін зерттеу, сондай-ақ АИТВ-пен ауыратын науқастарды бақылау мен емдеу жолдарын жақсарту үшін осы білімді қолдану бойынша практикалық зерттеу дағдыларын дамыту;
  • Халықаралық стандарттарға сәйкес этикалық зерттеулер жүргізу;
  • Молекулалық вирусология және эпидемиология саласындағы зерттеулерді қаржыландыру үшін конкурстық гранттарды әзірлеу.

Іріктеу критерийлері

  • Үміткерлер қазақстандық академиялық, ғылыми-зерттеу, клиникалық мекемеде жұмыс жасауы керек.
  • Үміткерлерде бағдарлама барысында және оны аяқтағаннан кейін өзінің академиялық/жұмыс позициясын сақтап қалу қабілеттілігін құжаттық растаудың дәлелі болуы керек.
  • Ағылшын тілінде еркін сөйлесе білу қабілеті.
  • АИТВ немесе оған жақын тақырыптар бойынша айқын қызығушылығы немесе тәжірибесі (мысалы, жұқпалы аурулар немесе қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология).
  • TOEFL нәтижелерімен расталған ағылшын тілін меңгерудің ең төменгі деңгейі: Internet Based Test 79, IELTS 6.5, Duolingo 110.

Бас нұсқаушылар

  • Биомедицина ғылымдары кафедрасы

    Назарбаев Университетінің Медицина мектебі

    syed.ali@nu.edu.kz

  • Стен Х. Вермунд, MD, PhD

    Йель Қоғамдық денсаулық мектебінің Микробтық аурулар эпидемиологиясы кафедрасы

    Йель Медицина мектебінің Педиатрия кафедрасы

  • Филипп Лемей, PhD

    Рега институтының Клиникалық және эпидемиологиялық вирусология бөлімі, Эволюциялық және есептеу вирусологиясы зертханасы

  • Джек ДеХовиц, MD, MPH

    САНИ Даунстейт Медицина мектебінің Медицина/жұқпалы аурулар кафедрасы және Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің Денсаулық сақтау саласындағы саясат және басқару кафедрасы

  • Жамиля Нугманова, MD, PhD

    ҚҰМУ Қоғамдық денсаулық мектебінің (АИТВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау бөлімі)

Зерттеу тақырыптары

Диссертациялық жұмыстардың тақырыбы молекулалық талдауға баса назар аудара отырып, АИТВ, вирустық гепатит және басқа инфекцияларды емдеуге және алдын алуға байланысты популяциялық зерттеулерді қамтуы мүмкін.

Қосымша ақпарат

Қосымша ақпаратты movekaz@nu.edu.kz арқылы алуға болады.