Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура бағдарламасы түлектерге денсаулық сақтау, санитарлық ағарту және денсаулықты нығайту, денсаулық пен ауруды эпидемиологиялық зерттеу, денсаулық пен мінез-құлық бағдарын зерттеу, биостатистика, денсаулық сақтау жүйелері мен нысандарын зерттеу және денсаулық сақтау саясатын әзірлеуге байланысты әкімшілік және басқару саласындағы мансаптық өсу үшін қажет болатын ең жаңа халықаралық стандарттарға негізделген дағдылар мен құзыреттер жиынтығын ұсынады. Осы бағдарлама бойынша алынған құзыреттер мемлекеттік және жеке секторда ұлттық және халықаралық деңгейде жұмыс берушілердің сұранысына ие.

Аккредиттеу


Назарбаев Университетінің Медицина мектебі «Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура» бағдарламасының Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білім беру жөніндегі аккредиттеу агенттігінің (APHEA) талаптарына сәйкестігін тексеру процесінің сәтті аяқталғанын мақтанышпен хабарлайды. Оқу бағдарламасының жоспары 6 жыл бойы жарамды болады.

Жалпы ақпарат

Кампус: Қазақстан, Астана қ., NU Медицина мектебінің ғимараты

Тілі: Ағылшын тілінде

Оқыту түрі: Күндізгі бағдарлама, кампуста

Ұзақтығы: 2 жыл

Жалпы ECTS кредиті: 120


Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және оның еншілес институттары мен орталықтары, сондай-ақ Ұлттық медициналық холдинг ҚДМ бағдарламасы бойынша оқытылған мамандарды жалдайды. Біріккен Ұлттар Ұйымында (ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰДБ, ЮНЭЙДС және т.б.) денсаулық сақтаумен байланысты лауазымдарға және тар бағытталған халықаралық ұйымдарға (USAID) әрдайым МОЗ дәрежесі бар кандидаттарды жалдайды және артығырақ көреді. Ауруханалар мен басқа да денсаулық сақтау мекемелерінде әкімшілер, зерттеушілер және бағалау мамандары ретінде ҚДМ дәрежесі бар қызметкерлерге қажеттілік артып келеді. Жеке секторда фармацевтикалық, медициналық сақтандыру және биотехнологиялық компаниялар қоғамдық денсаулық сақтау мамандарын жалдайды. Кейде ҚДМ түлектері өз бизнесін бастайды.


Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де көп университеттер ҚДМ бағдарламасы бойынша түлектерді оқыту, әкімшілік жұмыс және зерттеушілер ретінде жалдайды. Сондай-ақ, ҚДМ Қазақстаннан тыс университеттерде қоғамдық денсаулық сақтау саласында докторлық дәреже алғысы келетін түлектер үшін аралық кезең болып табылады.

Бағдарламаның мақсаттары

Аурулардың, мүгедектіктің және мезгілсіз өлімнің алдын алу және онымен күресу мақсатында денсаулық жағдайы және ауруларды диагностикалау мәселелерін шешуде халыққа бағытталған халықаралық деңгейде танылған үздік тәжірибелерді сапалы жаңа деңгейде оқыту арқылы оқушыларды шақыру.

  • Медициналық және биомедициналық зерттеулер жүргізу және халықаралық стандарттар негізінде жоғары сапалы бағдарламалық бағалау жүргізу үшін түлектерге қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білімді беру.
  • Түлектерді денсаулық сақтау қызметтерін басқару және бағалау, денсаулық сақтау мекемелерін әкімшілендіру және денсаулық сақтау саясатын әзірлеу саласындағы құзыреттермен қамтамасыз ету.
  • Этикалық, сыни бағалау және халықтың денсаулығына әсер ететін мәселелерді шешу үшін әртүрлі пәндердің білімі мен әдістеріне сүйенетін білікті қоғамдық денсаулық сақтау мамандарын даярлау.

Мансаптық мүмкіндіктер

ҚДМ түлектері еңбек нарығында біздің елде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие. «Қазақстан 2050» стратегиясы профилактикалық медицинаны, қоршаған ортаны қорғауды, халықтың денсаулығын және денсаулық сақтауға қолжетімділікті басымдықтар ретінде айқындайды — бұл үшін қоғамдық денсаулық сақтау саласында білікті мамандар қажет.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша магистратураны сәтті аяқтағаннан кейін түлектер:

  • Денсаулық детерминанттарының, сырқаттанушылықтың, өлім-жітім мен мүгедектіктің, ауруға байланысты ауыртпалықтың таралуының сыни сипаттамасын қоса алғанда, халықтың белгілі бір топтарының денсаулық қажеттіліктерін бағалайды және неғұрлым тиімді және экономикалық тұрғыдан тиімді болатын ем туралы хабарлай алады;
  • Денсаулық сақтау саласындағы мақсатты саясаттарды, жобалар мен бағдарламаларды әзірлейді, талдайды және іске асырады;
  • Мониторинг және бағалау және басқа да құралдар арқылы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы араласудың дәлдігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді;
  • Қоғамдық денсаулық сақтау туралы хабарламаларды көпшілікке және кәсіби топтарға мақсатты аудиторияға таратады, соның ішінде халықаралық конференцияларға ғылыми жұмыстар жазады және биомедицина мен қоғамдық денсаулық сақтау бойынша халықаралық рецензияланған журналдарға ұсынады;
  • Мінез-құлық ғылымдарын ғылыми зерттеулер мен практикада қолдану, соның ішінде денсаулық жағдайының психоәлеуметтік детерминанттары мен этиологияларын анықтау және денсаулық пен әл-ауқатты жақсарту үшін тәлімдік қарауларды әзірлейді;
  • Биомедициналық ғылымдарды қоғамдық денсаулық сақтауды зерттеу мен тәжірибеде қолданады, соның ішінде берілу әдістері мен этиологиясын, патофизиологиясын және иесінің вакциналарға реакциясын, химиопрофилактиканы және фармакологиялық әдістерін сипаттайды және бағалайды, денсаулық сақтау үшін маңызды аурулардың алдын ала және емдей біледі;
  • Қоршаған ортаның жай-күйі туралы білімді денсаулық сақтауды зерттеу мен тәжірибеде қолданады, соның ішінде ауруға, мүгедектікке және өлімге байланысты қоршаған ортаға әсерін анықтайды және бағалайды, әсіресе сезімтал популяциялар үшін және тәуекелдерді бағалау / тәуекелдерді басқару талдауын жүргізе алады;
  • Денсаулық сақтау жүйелерінің ұйымдары мен құрылымдарын сипаттауды, денсаулық сақтау жүйелерінің үлгілерін бағалауды, стратегиялық жоспарлау мен ұйымдастырушылық дизайндағы өзгерістер арқылы денсаулық сақтау қызметтерін басқару мен жетілдіруді қоса алғанда, қоғамдық денсаулық сақтауды зерттеу мен тәжірибеде басқару ғылымдарын қолданады,стратегиялық мақсатқа жету және бюджеттерді дайындау үшін адам ресурстарын басқару тұжырымдамаларын қолдана біледі;
  • Денсаулық сақтау саласындағы сандық зерттеулерді әзірлеу, жүргізу, талдау және түсіндіру, эпидемиологиялық қадағалауды жоспарлау және жүргізу, сондай-ақ биомедицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы рецензияланған әдебиеттерді сынау және түсіндіру үшін сандық ғылымдар туралы білімді қолдана алады;
  • Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер мен сындарды әзірлеу, жүргізу, талдау және түсіндіру үшін сапалы ғылымдар туралы білімді қолдана біледі;
  • Жаңа білім мен дағдыларды жеке және кәсіби маңызды контексте сыни және таңдамалы түрде қолдану арқылы алдыңғы біліммен және тәжірибемен біріктіруді көрсетеді, соның ішінде өмір бойы білім беруге және ашық сыни ойлауға ықпал ете алады.

Тіркеу кезеңдері

1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз

Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Магистратура/Резидентура» бағдарламасын таңдау кажет.

Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.

Жеке кабинетіңізде өтінім беру Нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.


2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз

Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:

1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);

3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;

4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.


3 ҚАДАМ. Тіркелу жарнасын төлеу және өтініш беруді аяқтау

Өтінім беру процесін аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздегі «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басыңыз. Тіркелу жарнасы Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Тіркелу жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды.


Үміткерлер Назарбаев Университетінің 2-ден артық магистратура / докторантура бағдарламаларына өтініш бере алмайды. Екі бағдарламаға қабылданған жағдайда үміткер тек бір бағдарламаны таңдауы тиіс.


Тіркелу жарнасы 15 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады (ерекшелік — Жоғары бизнес мектебі). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.

Өтінім беруді аяқтағаннан кейін үміткер 2-қадамда сипатталған әрекеттерге өзгерістер енгізе алмайды.


4 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелерін ұсыну

Үміткерлер IELTS/TOEFL/GRE/GMAT сертификатын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:

  • IELTS/TOEFL/GRE/GMAT жарамды сертификаттың электрондық нәтижесін Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберу;
  • IELTS/TOEFL сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның деректерін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.
  • Қажетті құжаттарды жүктеп салу кезеңінде GRE/GMAT сертификаттың сканерленген көшірмесін (бар болса немесе бағдарламамен талап етілсе) «My Application Forms» (Step 2) бөлімінде жүктеу.

Тест әкімшісі арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:

  • IELTS үшін код: NU
  • TOEFL iBT үшін код: 6762
  • GRE үшін код: 6496
  • GMAT үшін код: H6m-R7-93

IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелердің Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Үміткер Тест әкімшісіне (Тест орталығына) өзі хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуі қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.

Ұсынылған сертификаттардың нәтижелері өтінімді тапсырған уақытқа дейін аяқталмаса, жарамды болып саналады.

IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық нұсқаулық үміткерлердің Жеке кабинетінде қолжетімді. IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері байқауда қарастырылмайды.


Yміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен құжаттамамен расталған мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

  • ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда;
  • үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса.

Одан арғы қадамдар

Сіз өтінім бергеннен кейін, сіздің ұсынушыларыңыздың электрондық пошталарына жіберілген электрондық нысанға сәйкес Назарбаев Университетіне ұсыным хаттарды ұсыну туралы автоматты хабарлама жіберіледі. Ұсыным хаттарды ұсыну бойынша толық нұсқаулық Жеке кабинетте қолжетімді.


Сіздің өтініміңіздің статусы туралы білу үшін Жеке кабинетіңізден қараңыз және Назарбаев Университетінің хабарламаларын электрондық поштаңыздан тексеріңіз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.


Сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз. Сұхбат ағылшын тілінде өтеді.


Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.

Оқуға қабылдау талаптары

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура бағдарламаcына оқуға түсетін үміткерлерде:

  • Тиісті саладағы бакалавр (немесе баламасы) және/немесе магистр дәрежесінің (немесе баламасы) болуы тиіс. Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен дипломды ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • Үміткерлер өздері оқыған университеттен олардың мекемеде оқуын бітіргені және түпкілікті транскриптті және/немесе дипломды ресми табыс ету белгіленген күнге жоспарланғаны туралы растауын алғанда ғана шартты түрде оқуға қабылдануы мүмкін. Мұндай жағдайда оқуға қабылдау туралы шешімде үміткер қажетті құжаттарды Университетке ұсынатын уақыт кезеңі көрсетілуі тиіс;
  • ең төменгі CGPA 4.0-ден кемінде 2.5 немесе үміткердің дәрежесінің баламасы болуы;
  • ағылшын тілін білудің қажетті деңгейі;
  • жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (опциялық). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап емес екендігіне қарамастан, үміткер GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі;
  • екі құпия ұсыным хат;
  • тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда). Бұл міндетті емес талап болса да, үміткер өзінің өтінім нысанын осындай растау құжаттарымен күшейте алады.

Ағылшын тілі бойынша ең төменгі талаптар

Бағдарламаға қабылдау үшін ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларына қойылатын ең төменгі талаптар мынадай:

  1. Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  2. Назарбаев Университетінің бағдарламасына дайындық жылына оқуға түсу үшін ағылшын тілін білудің IELTS тестісі бойынша нәтижелерге қойылатын ең төменгі талап 5,5 балды құрайды, бір бөлім бойынша 5.0 нәтижесімен немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Диплом берілген дәрежесімен және транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты (Home edition-нан басқа) (егер қолданылса);
  • Оқыту тілі ретіндегі ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат. (ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама бойынша білім беру негізінде академиялы дәреже берілген үміткерлер үшін ғана және IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификатын ұсынудан босату сұратылады);
  • Құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар GRE/GMAT нәтижелері (опциямен);
  • Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным хат беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз;
  • Негіздеме хат (500 сөз немесе одан аз);
  • Медициналық анықтама 075у (Қазақстан азаматтары үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/Студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі;
  • Тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде түйіндемеде, ұсыным хаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда).
  • Қажет болған жағдайда Қабылдау комиссиясы немесе Қабылдау департаменті қосымша құжаттарды сұрай алады.

Маңызды күндер

Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:

Барлық грант түрлері бойынша өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы 23 желтоқсан сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен), шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.

Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:

  • Шетел азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 17 наурыз сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 25 маусым сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).

IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

Барлық грант түрлері бойынша өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.

Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:

  • Шетел азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 30 сәуіріне дейін.
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 31 шілдесіне дейін.

Бағдарлау аптасының басталу мерзімі: тамыз 2025

Оқудың басталуы: тамыз 2025

Үмікерлерге қойылатын статустар

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.


Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.


Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.


Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.


Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.


Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.


Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.


Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.


Recommended for admission to Zero Year of Graduate programs. Қабылдау комиссиясы үмңткерді Zero Year of Graduate program бағдарламасына ұсынуға шешім қабылдады. “Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” (Zero Year of Graduate programs) – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратураға тікелей түсу үшін тілдік талаптарға сай келмейтін, магистрлік бағдарламаларға қарқынды тілдік, академиялық және ғылыми дайындықтары бар екі семестрлік күндізгі бағдарлама.


Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.


Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.


Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.


Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады


Accepted Zero Year of Graduate program admission offer. Статус Zero Year of Graduate programs бағдарламасына оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады.


Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.


Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.


Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.


Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.


Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.


Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.


Enrolled to Zero Year of Graduate programs. Кандидат Zero Year of Graduate programs бағдарламасына қабылданды. Cтатус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады. Үміткер ресми түрде студент болып саналады.

Оқу бағдарламасы

“Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша магистрі бағдарламасы екі жылдық күндізгі оқу бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама денсаулық сақтаудың кең ауқымында тәжірибе жасау және денсаулық сақтау және медицина саласындағы білімдер жиынтығына үлес қосу үшін негізгі құзыреттерді қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасы жобаны жоспарлау мен бағалауды, аналитикалық эпидемиологиялық зерттеуді және статистикалық деректерді талдауды және модельдеуді, денсаулықтың күрделі детерминанттары мен денсаулық теңсіздіктіктерін түсінуді, мамандармен және жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасты және көшбасшылықты қамтитын қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы негізгі ғылымдар мен негізгі басқару және аналитикалық дағдыларға бағытталған.


1 жыл: 1 Семестр

1 жыл: 2 Семестр

2 жыл: 3 Семестр

2 жыл: 4 Семестр

Курстардың сипаттамасы

PUBH 501 Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін шешу принциптері

Бұл курс денсаулық сақтау саласының әр алуан саласына кіріспе және денсаулық сақтау мәселелерін шешуге арналған жетекші негіз болып табылады. Курс созылмалы аурулардың эпидемиологиясына баса назар аудара отырып, денсаулық сақтаудың жаһандық проблемаларының кең ауқымын қамтиды. Курс сыни тұрғыдан ойлау мен топтық процесте маңызды дағдыларды дамытуға баса назар аударады. Студенттер жеке және шағын топтарда ұсынылатын іс-қимыл курстарын қоса алғанда, денсаулық сақтаудың ағымдағы мәселелерін талдауды аяқтайды.


PUBH 521 Аналитикалық эпидемиология негіздері

Бұл курс барысында студенттер аналитикалық эпидемиологияның негізгі қағидалары мен әдістерімен танысады. Сонымен қатар, курс студенттерді инфекционды, инфекционды емес (оның ішінде генетикалық) аурулардың бірқатарын зерттеуге, психикалық және физикалық денсаулықтың бұзылуын, мінез-құлық пен әртүрлі асқынуларды зерттеуге, денсаулық сақтау жүйесі мен саясатын зерттеуге қажетті сандық құралдар жиынымен қамтамасыз етеді. Курс студенттерге клиникалық зерттеудің эпидемиологиялық жоспарларын оқып, үйреніп, оларды қолдануға және проблемалар мен олардың шешуші факторларын өлшеп, оларды бағалауға мүмкіндік береді. Эпидемиологиялық ойлау мен әдістеме оқытушылардың интерактивті дәріс беру кезінде және шын өмірден алынған жағдайларды зерттеу мен шешуге бағытталған топтық жаттығулар жасау кезінде толық қамтылады. Тапсырмалармен жеке жұмыс істеу студенттердің эпидемиологиялық дағдыралын одан ары жандандыра түспек. Студенттерді бағалау олардың үй тапсырмаларын орындауына, тест және қорытынды емтихан нәтижеріне негізделеді.


PUBH 511 Инференциалық биостатистика

Бұл курс қоғамдық денсаулық сақтауда қолданудағы инференциалды биостатистиканың негізгі түсінігін қамтиды. Бұл курс сипаттамалық талдау, гипотезаны тексеру және бивариаттық талдау (t-тест, хи-квадрат тесті және т.б.) жүргізу мәселелерін қарастырады. Белгіленген және жақында жиналған деректер жинақтары осы әдістер арқылы талданатын болады. Бағалау жеке және топтық есептер жиынтығына (соның ішінде викториналар мен емтихандарға) негізделген. Курс нақты өмірлік жағдайларды қолдану мүмкіндігін береді.


PUBH 599 Ғаламдық тамақтану және тұрақтылық

Бұл курс студенттерге тамақтану ғылымы және денсаулық сақтау, оның ішінде денсаулық сақтау, әл-ауқатты жақсарту және тамақ экожүйелерін қолдау технологиялары мен тамақтану стратегиялары туралы негізгі түсініктерді ұсынады. Студенттер диетаның денсаулыққа қалай әсер ететіндігін түсіну бойынша алған білімдерін ұлттық, әлемдік азық-түлік саясатын ақпараттандыру және дәлелді ақпарат тарату үшін қолдана алады.


PUBH 528 Сапалық зерттеу әдістері

Бұл курс денсаулық сақтау және денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерде қолданылатын сапалы зерттеу әдістеріне кіріспе болып табылады. Біз сапалы зерттеу әдістерінің негіздерін, соның ішінде теориялық негіздерін, зерттеу этикасын, зерттеу дизайнын, деректерді жинауды, деректерді талдауды және зерттеу нәтижелерін жазуды қарастырамыз. Бұл курс студенттерге қоғамдық денсаулық сақтау саласында ең көп қолданылатын сапалы зерттеу әдістерін, соның ішінде жартылай құрылымдалған тереңдетілген сұхбаттарды, фокус-топтарды және қатысушыларды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сыныптағы іс-шаралар мен жағдайлық зерттеулерді қамтиды. Семестрдің соңына қарай студенттер сіздің таңдауыңыз бойынша қоғамдық денсаулыққа қатысты мәселені зерттеу үшін сапалы зерттеу әдістерін қолданатын өз зерттеулерін әзірлейді.


PUBH 512 Биостатистикалық модельдеу және іріктеу

Бұл курс алдыңғы курстарда алынған аналитикалық дағдыларды кеңейту үшін эпидемиологиялық деректерді регрессиялық модельдеу тұжырымдамаларын жетілдіреді. Бұл курс сызықтық, логистикалық және Пуассон регрессиясы, сондай-ақ өмір сүру талдауы (Кокс регрессиясы) сияқты эпидемиология және денсаулық сақтау қызметтерін зерттеуде жиі қолданылатын статистикалық әдістерді қамтиды. Курста сонымен қатар сынама алу, сынама алу схемалары, үлгі өлшемі және әртүрлі зерттеу конструкциялары үшін қуат есептеулері мәселелері қарастырылады. Курс дәрістерде қарастырылған тақырыптармен байланыстырылған нақты өмірлік мысалдар үшін статистикалық бағдарламалық компьютерлік жаттығуларды қамтиды. Бағалау есептер жинақтарына, викториналарға және емтихандарға негізделген. Есептеулерді орындаудан гөрі тұжырымдамалық түсінуге көбірек көңіл бөлінетін болады. Басқаша айтқанда, сәйкес келетін модельді құрастыру бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып модельді сәйкестендіруге тырысудан маңыздырақ болып саналады.


PUBH 522 Аналитикалық эпидемиологяның ілгері деңгейі

Курс аналитикалық эпидемиология, қоғамдық және мінез-құлық ғылымдары мен биостатистика курстары заңдылықтарына негізделген. Студенттер объективті болмаудың ықпалын бағалау әдістерімен танысып, ол ықпалдардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған амал-тәсілдерді үйренеді. Курс зерттеу жоспарлары мен бақыланатын сынақтарды да қамтиды. Студенттердің жұмысы олардың проблема шешу бойынша көрсеткен жұмыстары негізінде, сондай-ақ, топта кейспен жұмыс істеу және емтихан нәтижелері негізінде бағаланатын болады.


PUBH 631 Қоғамдық денсаулық сақтаудағы әлеуметтік және мінез-құлық ғылымдары

Бұл курс сандық зерттеу әдістерін енгізеді және денсаулық сауалнамасын жүргізудің әдістемелік мәселелеріне назар аударады. Ол қоғамдық денсаулықтың әлеуметтік және мінез-құлық аспектілеріне шолу жасайды және қоғамдық денсаулықты зерттеу үшін мінез-құлық теорияларын қолдануды қамтиды. Курс материалын тәжірибеде қолдану үшін студенттер шағын көлемді денсаулық зерттеулерін құрастыру және енгізу бойынша топтық жобаларға қатысады.


PUBH 641 Қоршаған ортаның жай-күйі мәселелерін зерттеу

Бұл курс өндірістік дамыған елдерде төмен/орташа табыстар жағдайында қоршаған ортаны қорғау мен еңбек гигиенасы жағдайының негізгі мәселелерін ұйымдастыруда және бағалауда пайдаланатын кең түсініктер мен қағидаларды, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау жағдайларын бақылау мен алдын алуға араласу туралы пікірлерді көрсетеді. Баға тестілер, емтихандар және басқа да жазба жұмыстарының нәтижелері бойынша беріледі.


PUBH 551 Денсаулық сақтау қызметін басқару, денсаулық сақтау экономикасы мен саясаты

"Бұл курс денсаулық сақтау саласында денсаулық сақтау қызметтерін басқару, денсаулық сақтау экономикасы мен саясатын ұйымдастырудың тәжірибелік және теориялық негіздерін береді. Баға емтихандар мен студенттік жобалардың нәтижелеріне байланысты шығарылады. Курс аяғында студенттер келесі дағдыларға ие болады.

1.Денсаулық сақтау саласында халықтың белгілі топтарына және әлжуаз ішкі топтарына қолданатын саясат пен мәселелер шеңберін анықтау.

2.Қоғамдық денсаулық сақтау саласында саясатты әзірлеу және іске асырудағы өкіметтіңрөлін сипаттау және бағалау.

3.Мемлекеттік саясатты әзірлеу үдерістерін және олардың денсаулық сақтау саласындағы саясатты әзірлеу, іске асырудағы тиімділігі мен ықпалын талдау және бағалау.

4.Денсаулықты сақтауды немесе қоғам, отбасы және жеке адамдар үшін зақымдар мен аурулардың алдын алуды тиісінше ынталандыру және қолдау саясаты мен қызметін айқындау.

5.Денсаулық сақтау мәселелерін шешу үшін әзірленген стратегиялардың фискалдық, әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік және саяси салдарларын тұжырымдау.

6.Насихаттауды, теріс ұғымдардың әсерін, саясатты және саясаттың ақпараттық әсерін және бағдарламалдарды іске асыруды өзара салыстыру.

7.Тиісті ғылыми, этикалық, экономикалық, әкімшілік және/немесе саяси шешімдер, сондай-ақ қолда бар деректер негізінде адам құқықтары мен денсаулығына қатысты шешімдер шығару."


PUBH 681 Магистерлік жобаны жоспарлау

Семестр барысында әрбір студент Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі интеграцияланған тәжірибе жобасы (ҚДСМ ИТЖ) нұсқауларын пайдалана отырып, магистрлік жоба ұсынысының негізгі бөліктерін әзірлейді. ҚДСМ ИТЖ студенттерге денсаулық сақтау саласындағы негізгі құзыреттерді кәсіби өзекті мәселеге қолдануды көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл курс студенттерді MPH IEP үшін ұсынысты жоспарлау қадамдары арқылы, содан кейін ҚДСМ бағдарламасының соңғы семестрінде дипломдық жобаның нақты орындалуы және қорғалуына әкеледі.


PUBH 552 Денсаулық сақтау экономикасы мен саясатының қағидаттары

Осы курс денсаулық сақтау жүйесінің экономикасы мен саясаты негіздеріне көп көңіл бөлінетін PUBH 551 денсаулық сақтау жүйесін басқару және экономикасы қағидаттары оқуының жалғасы болып табылады. Курс денсаулық сақтау жүйесі экономикасы мен саясатының негізгі мәселелері қамтиды және сыни ойлау мен ұжымдық жұмыстың маңызды мәнін атап көрсетеді. Осы оқу курсының аясында сыни ойлаудың маңызды дағдыларын және сыни ойлау мен ұжымдық жұмыстың маңызды мәнін атап көрсетеді. Білім алушылар қызметтің ұсынылатын бағыттарын қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесі саясаты мен экономикасының ағымдағы функциялары мен міндеттерін жеке және шағын топтарда толық талдауды жүргізеді.


PUBH 633 Қоғамдық денсаулық сақтаудағы әдістер

Осы курс, әсіресе, созылмалы ауруларға қатысты бағалау және тексерулер үшін пайдаланылатын озық мамандандырылған әдістер мен қосымшаларды зерделеуге бағытталған. Курс мета-талдауды, эконометриканы, бағдарламаны бағалау техникасын және т.б. қоса алғанда, қоғамдық денсаулық сақтау саласында қолданылатын, ДДҰ-ның өткен курстарыныңәдістері мен амалдарын толықтыру және жақсарту үшін пайдаланылатын мамандандырылған технологиялардың бірқатарын қамтиды. Бағалау үш жобамен белгіленеді, олардың әрбіреуі қорытынды балдың үштен бірін білдіреді.


PUBH 601 Денсаулық туралы білім және денсаулықты нығайту

Бұл курс денсаулық сақтау саласындағы білім беру және денсаулықты нығайту саласына кіріспе болып табылады. Курс денсаулық сақтау бағдарламаларын жоспарлаудың және бағалаудың практикалық аспектілеріне назар аударады және денсаулықты сақтау бойынша білім беру мен насихаттау теориялары мен зерттеулер арасындағы байланысты көрсетеді. Курс барысында студенттер жеке және шағын топтарда денсаулық мінез-құлқын өзгерту жоспарын/бағдарламасын әзірлеумен айналысады, бұл дәрістер кезінде берілген теориялық білімді түсіну мен қолдануды жақсартады. Бағалау эссеге, тестке және зерттеу грантының ұсынысын жазуға және ұсынуға арналған топтық жобаға негізделген.


PUBH 561 Магистранттарға арналған Зерттеу Семинары

Екі бөлімнен тұратын магистратура семинары: ғылыми еңбектер сыны бойынша семинарлар және психометрияға кіріспе бойынша лекциялар. Бірінші бөлім қоғамдық денсаулықты рецензиялау журналының жарияланымдарын және дәлелдемелердің сәйкес қолданылуын сыни тұрғыдан бағалауды үйренуге мүмкіндік береді. Студенттерден сыныпта ұсынылған әрбір рецензияланған журнал мақаласы үшін сын айту, өз құрдастары мен нұсқаушы арасында бір пікірталас жүргізу және талқылауларға қатысу талап етіледі. Екінші бөлім қоғамдық денсаулық сақтаудың кең саласындағы зерттеулерге баса назар аудара отырып, психометрияның маңызды тақырыптарын қамтуға тырысады. Адамдардың психологиялық қасиеттерін бағалауға арналған стандартталған тесттер көптеген эпидемиологиялық зерттеулерде жиі кездеседі. Сеанстар психологиялық тесттердің психометриялық сипаттамаларын бағалау үшін қолданбалы білім мен дағдылармен психометриялық теорияларға шолу жасайды. Сабақтар барысында студенттер сауалнамадағы элементтердің сенімділігі мен негізділігін бағалау дағдыларын дамыту үшін нақты деректермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.


PUBH 682 Магистерлік жобаны іске асыру

Бұл курс Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі интеграцияланған тәжірибе жобасының (ҚДСМ ИТЖ) бөлігі болып табылады. ҚДСМ ИТЖ студенттерге денсаулық сақтау саласындағы негізгі құзыреттерді кәсіби өзекті мәселеге қолдануды көрсетуге мүмкіндік береді. Семестр барысында әрбір студент магистрлік жобаны жоспарлау бойынша алдыңғы семестрдегі курста әзірленген магистрлік жоба ұсынысын нақты жүзеге асыру бойынша жұмыс істейді. Диссертациялық жобаны қорғау ҚДСМ бағдарламасының соңғы семестрінің соңында өткізілетін жобаның соңғы кезеңі болып табылады.


PUBH 651 Денсаулық сақтау саласындағы тәуекелдерді басқару

"Бұл курс денсаулық сақтау саласында қолданылатын тәуекелдерді басқару әдістерінің әртүрлі негіздеріне кіріспе болып табылады. Курс денсаулық сақтау ұйымдарында қауіпсіздік мәдениетінің жалпы мәселелерін, тәуекелдерді анықтау мен бағалауды, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесіне қатысты денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың тұжырымдамасын қарастырады. Курс аясында сыни ойлау мен топтық жұмыстың қажетті дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Студенттер қолданыстағы медициналық мекемелерге жеке және шағын топтарда талдау жасайды. Курстың жалпы мақсаты денсаулық сақтау саласындағы тәуекелдерді басқару әдістерінің кең ауқымын түсіну және қолдану дағдыларын әзірлеу болып табылады. Курс аяқталғаннан кейін студенттер мыналарды орындай алады:

1) тәуекелдерді басқарудың негізгі тұжырымдамаларын анықтау және қолдану;

2) тәуекелдерді басқару процесін анықтау және талдау;

3) тәуекелдерді бағалау және басқару әдістерін қолдану;

Бұл курс лекциялар мен топтық семинарлардан тұрады. Курстық сессиялар аптасына бір рет өтеді. Дәріс бір сағатқа созылады, ал қалған екі сағат ішінде шағын топтарда зертханалық жаттығулар және/немесе семинарлар талқыланады. Дәрістер денсаулық сақтау саласындағы тәуекелдерді басқарудың негізгі тұжырымдамалары мен принциптерін енгізетін болады. Сонымен қатар, дәрістер оқулықтардан немесе зерттеу мақалаларынан оқуға арналған тапсырмалармен толықтырылады. Тиісті дәріске дейін оқу тапсырмаларын орындау ұсынылады. Командадағы тапсырмалар дәрістерді толықтырып, денсаулық сақтау және ситуациялық зерттеулер саласындағы жаһандық проблемалардың қолданбалы мысалдарына негізделген міндеттерді шешуге арналған жаттығулар енгізілетін болады. Топтық тапсырмалар шағын топтарда сұрақтарды талқылау және оларға жауап беру түрінде өткізіледі. Сессия аяқталғаннан кейін барлық сынып сұрақтарды талқылайды, ал кездейсоқ таңдалған топтардың біреуі немесе бірнешеуі өз жауаптарын беріп, пікірталас жүргізеді."


PUBH 652 Денсаулық сақтау жүйесін зерттеудегі қолданбалы әдістері

Бұл курс денсаулық сақтау жүйесін зерттеуде қолданылатын әртүрлі зерттеу мәселелерін, құрылымдар мен аналитикалық әдістерді, сондай-ақ оларды денсаулық сақтау саясаты саласында шешімдер қабылдау үшін кіріс деректер ретінде қалай пайдалануға, ғылыми білім алу мен шешім қабылдау процесінің қиындықтары арасындағы байланыстарға ерекше назар аудара отырып түсінуге көмектеседі. HSR денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасы, денсаулық сақтау қызметтерін қаржыландыру мен пайдалану, қолжетімділіктегі айырмашылық, денсаулық сақтау жүйелерінің жалпы жұмыс істеуі мен өнімділігі, сондай-ақ өзгерістерді енгізу сияқты мәселелерді қарастырады.

Курстың жалпы мақсаты студенттерді денсаулық сақтау саясаты саласында шешімдер қабылдау кезінде жұмысты білікті жүзеге асыруға және ғылыми қолдау көрсетуге, ұйымдастыру, басқару, қаржыландыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жоғары сапалы қызметтер көрсетудің тиімді тәсілдерін анықтауға үйрету, қолда бар дәлелдемелер негізінде денсаулық сақтау жүйесін нығайту мақсатында саясаттағы өзгерістерді қолдау және ынталандыру болып табылады.

Курс студенттердің презентациялары, сондай – ақ кейбір топтық жаттығулар-миға шабуыл және топтық пікірталас түрінде өтетін негізгі идеяларды қоюға бағытталған дәрістер негізінде құрылады. Студенттер оқылған материалдар негізінде класқа 2-3 презентация ұсынады. Олар сондай-ақ денсаулық сақтау қызметі және Қазақстан үшін маңызды саяси тақырыбында класқа 1 презентация ұсынады.

Студенттер топта жұмыс істеуді және саясатқа қатысты мәселені анықтауды, нақты ғылыми әдіснаманы қолдана отырып, осы проблеманы қарастыру үшін зерттеу стратегиясын түйіндеуді, сондай-ақ соңғы сессияда қаржыландыру жөніндегі имитацияланған комиссия үшін қысқаша презентация әзірлеуді сұрайды.

Түлектеріміз біз туралы не айтады
  • Ислам Салиханов
    2018 жылғы түлек
    Базель университетінің клиникасы, Кардиохирургия кафедрасы, Клиникалық зерттеулер
    Базель, Швейцария
    islam.salikhanov@usb.ch
    +41 78 248 99 19
    Мен MPH (2016-2018) түлектерінің бірінші когортасында болдым және алынған тәжірибе менің санамды өзгертті. Біріншіден, MPH бағдарламасының оқытушы-профессорлар құрамы маған эпидемиология, биостатистика және зерттеу дизайны саласында берік негіз қалауға көмектесті, бұл маған Базель университетінде қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы докторлық диссертацияны қорғау кезінде осы білімді жетілдіруге көмектесті. MPH барысында алған білімім қажет болды және бұл бағдарлама болмаса, менің одан әрі жетістіктерім мүмкін болмас еді. Екіншіден, осы бағдарламада оқу барысында мен АҚШ-тың Балтимор қаласында өткен ISPOR конференциясында ұсынған алғашқы зерттеуімді жасадым және жарияладым. Үшіншіден, икемді дағдылар (қарым-қатынас, мәселелерді шешу, халықаралық перспектива) менің өрісімді кеңейтіп, оқуды бітіргеннен кейін маған көмектесті. Бұл бағдарлама маған зерттеу саласында алға жылжуды қалайтынымды түсінуге көмектесті. Мен қазір Швейцарияда клиникалық зерттеулер саласында жұмыс жасаймын және MPH оқытушы-профессорлар құрамына, әсіресе Байронға ризамын, өйткені онсыз менің барлық жетістіктерім мүмкін болмас еді.
  • Арнур Гусманов
    2018 жылғы түлек
    Биологтар, дәрігерлер, медбикелер, әлеуметтік қызметкерлер, математиктер, экономистер және басқа да көптеген мамандарды қоса алғанда, әртүрлі академиялық білімі бар студенттерді қамтитын MPH тобындағы әртүрлілік мен үшін өте маңызды болды. Осы әртүрліліктің арқасында біз ерекшеліктерімізді пайдаланып, қарастырылып отырған мәселелерге жаңа көзқараспен қарай алдық. Оқу процесінде сандық зерттеулер, сондай-ақ эпидемиологиялық және статистикалық әдістерді қолдану мені қатты қызықтырды. Сонымен қатар, біз алған дағдыларымызды әртүрлі әдістемелік күрделілік деңгейлері бар көптеген ғылыми жобаларда, көлденең бойлыққа дейін, бір ауруханадағы зерттеулерден жалпыұлттық зерттеулерге дейін қолдануға мүмкіндік алдық. Жоғары сапалы білімнің арқасында бұл бағдарлама Қазақстандағы адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге қабілетті қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білікті мамандарды даярлайды.
  • Динара Махадиева
    2018 жылғы түлек
    НУММ-дағы MPH бағдарламасы денсаулық сақтаудың барлық негізгі аспектілерін қамтитын өте жақсы ойластырылған және теңдестірілген курспен ерекшеленеді. Статистикалық талдау саласындағы мұқият дайындық күрделі деректерді түсіндіруге берік негіз береді, ал сыни ойлауға баса назар аудару студенттерді денсаулық сақтау мәселелеріне стратегиялық және аналитикалық ойлау арқылы қарауға итермелейді. Сонымен қатар, бағдарлама студенттерге өз білімдерін нақты жағдайда қолдануға мүмкіндік беретін практикалық тәжірибе мен зерттеу мүмкіндіктерін қамтиды. Қазіргі уақытта жаһандық денсаулық сақтау докторанты ретінде мен осы магистрлік бағдарлама беретін ерекше дайындықты растай аламын. Қоғамдық денсаулық сақтау қағидаттарының берік негізі зерттеу әдіснамасы саласындағы озық дайындықпен ұштаса отырып, маған докторлық диссертацияны сенімді және сауатты қорғауға мүмкіндік берді. Бұл бағдарлама менің жаһандық денсаулық сақтау саласындағы болашақ жетістігімнің негізін қалады және мен оның білімі мен мүмкіндіктерін өте жоғары бағалаймын.
  • Уальшер Ахан
    2018 жылғы түлек
    Мен бұл бағдарламаға түскен алғашқы заңгер болдым. MPH бағдарламасының пәнаралық тәсілі студенттерге, тіпті биомедициналық ғылымдарда тәжірибесі жоқ адамдарға да өте ыңғайлы. Керісінше, біздің әртүрлі студенттер когортасында болу менің бағдарламаға деген көзқарасымды едәуір кеңейтті. Кешенді оқу бағдарламасы эпидемиология, биостатистика, менеджмент, денсаулық сақтау саясаты және экономика сияқты қоғамдық денсаулық сақтау үшін маңызды барлық салаларды қамтыды. Оқытушы-профессорлар құрамы тарапынан болған үлкен қолдауының арқасында мен бағдарламаны үздік аяқтадым. Мен ешқашан басқа жерлерде студенттердің жетістікке жетуіне осындай қолдау мен қызығушылық танытқанын кездестірмедім. Біздің профессорлар тұрақсыз пандемия кезеңдерінде де әрқашан қолдау көрсетіп отырды. Оқу барысында кураторларымыздың көптеген сыныптан тыс ұсыныстары мен мүмкіндіктеріне қол жеткізе алдым. Мен денсаулық сақтау саласына оң өзгерістер енгізе алатыныма сенімділік пен дағдыларды ала отырып, университетті сәтті аяқтадым.
  • Айдана Рахманкулова
    Оқушы, 2025 жылғы сынып
    НУММ-нің академиялық атмосферасы тиімді оқуға ғана емес, сонымен бірге бос уақытты белсенді және тыныш өткізуге мүмкіндік береді. Үлкен кітапхана қорының білім алу барысында көмегі зор. Зертханалар барлық қажетті заттармен жабдықталған, бұл зерттеуге зор мүмкіндіктер ашады. MPH бағдарламасы нақты құрылымдалған және курстар денсаулық сақтау саласының барлық аспектілері бойынша білімді тереңдетеді. Біз теориялық және практикалық дағдыларды, проблемаларға негізделген оқытуды және топтық/жеке зерттеу жобаларын үйренеміз, олар біздің берік және икемді дағдыларымызды қалыптастырады. Курстар бір-бірімен байланысты және барлық ақпарат ұзақ мерзімді жадта жақсы сақталады. Бізге диссертация тақырыбын таңдауға және болашақта профессормен жұмыс жасауға рұқсат етіледі. Оқытушы-профессорлар құрамы әрқашан көмектесуге, ұсыным беруге және бағыттауға дайын. Шағын топтар жеке тіл табысуға жақсы мүмкіндік ашады. Құмарлық танытатын және алға ұмтылысы бар студенттерге дамудың барлық мүмкіндіктері беріледі.

Оқытушылар құрамы

Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.