Бакалавриат, "Медицина докторы" және магистратура бағдарламаларына онлайн өтінім қабылдау басталды

Биомедициналық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі м.а., Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторантура бағдарламасының директоры, Профессор

antonio.sarria@nu.edu.kz

Биомедициналық ғылымдар кафедрасына қош келдіңіздер. Біздің кафедра озық зерттеулер мен жан-жақты білім беру арқылы адам денсаулығын нығайтуға арналған. Біз ынтымақтастық пен инновацияға ықпал ететін динамикалық пәнаралық ортаны ұсынамыз және ертеңгі денсаулық сақтау көшбасшыларын оқытуға, Қазақстанға пайда әкелетін және бүкіл әлемге әсерін тигізетін озық зерттеулер жүргізе алатын әлемге әйгілі оқытушы-профессорлар құрамын тартуға ұмтыламыз. Бізде оқытуға және зерттеуге арналған заманауи зертханалар бар.
НУММ-дегі медициналық білімге, Медицина ғылымдарының бакалавры, Медбике ісі бакалавры немесе Медицина ғылымдарының докторы бағдарламаларына қатысудан басқа кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы магистранттар мен докторанттарға арналған бірнеше бағдарламаларды басқарады. Бұл бағдарламалардың барлығы халықаралық стандарттарға негізделген және айтарлықтай зерттеу бағытына ие. Студенттер өз жобаларында кафедра тәлімгерлерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды.
Біз сіздерді бағдарламаларымызбен танысуға, оқытушы-профессорлар құрамымен сұхбаттасуға және баршаның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту жөніндегі миссиямызға қосылуға шақырамыз.
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Керей және Жәнібек хандар көшесі, 5/1