Қабылдау және оқу
Бакалавриат, "Медицина докторы" және магистратура бағдарламаларына онлайн өтінім қабылдау басталды
Жалпы ақпарат

Назарбаев Университетіне оқуға қабылдау бағдарламалары меритократия (merit based) қағидатына негізделеді, бұл үміткерлерді олардың академиялық жетістіктеріне қарай таңдауды, оқуға түсу үшін барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді білдіреді, бұл басқа бір факторлардың әсерінен тыс, ең үздік және дарынды студенттерді таңдауға көмектеседі. Осылайша, Назарбаев Университетінің бағдарламаларына қабылдау талаптары азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, талапкер түлегі болып табылатын білім беру ұйымының мәртебесіне және т.б. қарамастан, барлық үміткерлер үшін бірдей.


Өз кезегінде студенттер қазіргі заманға сай білім мен дағдыларды алады, тәжірибені жинақтайды, еңбек нарығында өз ісін білетін кәсіпқойларға айналады.

Біздің ұсыныстар

Назарбаев Университетінің Медицина мектебі келесі бағдарламаларды ұсынады

Оқу ақысы

NU оқу орнында ең талантты студенттер білім алады. Университетте бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша түрлі бағдарламалар бар.
Бір оқу жылының құны:

Қазақстан Республикасының резиденттерімен өзара есеп айырысу университетпен бекітілген (бір) АҚШ долларының есеп айырысу бағамы бойынша ұлттық валютада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


Студенттерді қабылдау талаптарын қанағаттандыратын талапкерлер ақылы түрде оқи алады. NU жылда ақылы негізде оқуға қабылдау үшін белгілі бір көлемде квота бөледі.

Қаржылық көмек түрлері

Қазақстан азаматтарының ішінен әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлер үшін жеңілдіктер қарастырылған:

  • жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 29 жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған білім алушылар;
  • мүгедектігі бар адамдар (I, II немесе III топқа жататын мүгедектігі бар адамдар);
  • көп балалы отбасылардан шыққан не 23 жасқа толмаған, ата-анасы бір немесе бөлек төрт және одан да көп бала бір шаңырақ астында бірге тұратын отбасылардан шыққан білім алушылар;
  • бір немесе екі ата-анасының да мүгедектігі бар (I, II немесе III топқа жататын мүгедектігі бар) білім алушылар.

Бұл санаттағылар үшін оқу ақысы – университет алдындағы дайындық, бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша бір жылға $3 000 мен $4 000 аралығында.

Қазақстандық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін магистратура бағдарламаларында оқу құны бір жылға $8 000-ға тең.

Алдын ала бір оқу жылының немесе жалпы Ақылы негізде білім алу келісім-шартындағы соманың 100%-ын бірден төлеген кезде қосымша 5% (бес пайыз) жеңілдік беріледі.


Оқу ақысын төлеу бойынша толығырақ мәлімет алу үшін Bursar's Office-ке жүгінуді сұраймыз:

Телефон: +7 (7172) 70 60 32, 70 91 99

Пошта: bursars_office@nu.edu.kz

Каб.: 1.248B блок 1,

Мекенжай: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ. 53

Жұмыспен өтеу міндеті

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сайкес (47-бап, 17-тармақ) Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық және басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жылжұмыспен өтеуге міндетті.

Ресми ережелермен осы сілтеме бойынша таныса аласыз.

Маңызды ақпарат

Мансап және Кәсіптік Бағдарлау Орталығының веб-сайтына кіріп, үш жылдық жұмыспен өтеу міндеті парақшасын мұқият оқып шығыңыз - cac.nu.edu.kz/workobligation

Парақшада сіз барлық қажетті ережелер мен талаптарды таба аласыз.

Байланыс арналары

Барлық ұсынылған материалдарды мұқият оқып шығып, егер Сізде әлі де сұрақтар туындаса, мына байланыс арналарымен қолданыңыз:

Жаналықтар
    Сұрақтарыңыз бар ма?
    Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.