Онлайн өтінім қабылдау басталды

Молекулалық медицина саласындағы магистратура

Назарбаев Университетінің Медицина мектебіндегі Молекулалық медицина саласындағы магистратурасы (МММ) - студенттерге молекулалық медицина саласындағы озық білім мен дағдыларды, сондай-ақ биомедициналық зерттеулер саласындағы мансаптың мықты негізін беретін екі жылдық күндізгі оқу бағдарламасы. Ұсынылатын курстар инфекцияның молекулалық негізін, иммунология мен қабынуды, қатерлі ісік, неврологиялық бұзылыстар, генетикалық аурулар, терапия, зерттеу биоэтикасы, биокомпьютер, медициналық биоинформатика, биостатистика және кәсіпкерлік / кәсіптік серіктестікті қамтиды, бірақ олармен шектелмейді. Заманауи ғылыми-зерттеу орталықтары студенттерге адам денсаулығы мен ауруға қатысты маңызды биомедициналық мәселелер бойынша ең заманауи зерттеулерге қатысуға мүмкіндік береді.

Жалпы ақпарат

Кампус: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, НУ Медицина мектебінің ғимараты

Тілі: Ағылшын тілінде

Оқыту түрі: Күндізгі бағдарлама, кампуста

Ұзақтығы: 2 жыл

Жалпы ECTS кредиті: 120


«Молекулалық медицина саласындағы магистратура» бағдарламасының озық зерттеулер жүргізу, медицина ғылымын түсінуді тереңдету және адам денсаулығын жақсарту сияқты мақсаттары НУММ миссиясына сәйкес келеді. «Молекулалық медицина саласындағы магистратура» бағдарламасы аясында студенттер соңғы ғылыми ақпаратты зерттеп, биомедицинаның алғашқы зерттеулеріне қатысады. Оқыту және жүргізіліп жатқан зерттеулер медицина ғылымында жаңа жаңалықтар ашуға әкеледі және адам ауруларын емдеудің жаңа әдістерін білу немесе аурудың алдын алу стратегияларын әзірлеуге ықпал етеді деп болжануда. Зерттеулер Орталық Азия өңіріндегі өзекті медициналық проблемаларға бағытталатын болады.


МММ бағдарламасы бойынша магистратураны сәтті аяқтағаннан кейін түлектер:

1) Молекулалық медицина бағдарламасындағы негізгі пәндер бойынша алған білімдерін ауызша да, жазбаша да көрсете алады;

2) Молекулалық медицина саласындағы зерттеулер үшін сыни ойлау, мәселелерді шешу және талдау дағдыларын қолдана алады;

3) Техникалық ғылыми эксперименттерді дәлдікпен орындайды;

4) Күрделі ғылыми ақпаратты нақты сипаттауға мүмкіндік беретін жазбаша және ауызша қарым-қатынас дағдыларын көрсетеді;

5) Этикалық және кәсіптік стандарттарға сәйкес зерттеу және ғылыми міндеттерді орындайды;

6) Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін медициналық практикаға енгізу мақсатында білім мен дағдыларды көрсете алады.

Бағдарламаның мақсаттары

Бағдарламаның мақсаттары:

  • Молекулалық медицинаның қарқынды дамып келе жатқан саласында тәжірибе және білім алмасу;
  • Аурулардың алдын алудың, емдеудің және диагностикалаудың инновациялық әдістерін іздеу;
  • Студенттерді зертханалық жаңалықтарды медициналық терапияға енгізуге мүмкіндік беретін арнайы зерттеу дағдыларымен қамтамасыз ету;
  • Биомедицина саласында нарықта сұранысқа ие дағдыларды игеру;
  • Қазақстанның технологиялық инновациялары мен өсуіне өз үлесін қоса алатын кәсіпқойлардың жаңа буынын қалыптастыру.

Мансаптық мүмкіндіктер

Біздің бағдарлама түлектерге жергілікті және халықаралық деңгейде білім беруді жалғастырудың немесе әртүрлі биомедициналық мекемелерде жұмысқа орналасудың көптеген нұсқаларын ұсынады:

  • Ғылыми зерттеулер - молекулалық медицинаны зерттейтін халықаралық зертханалар мен трансляциялық зерттеу орталықтарында жұмыс жасау;
  • Денсаулық сақтау - диагностикалық зертханаларда және ауруханалардың ғылыми бөлімшелерінде жұмыс жасау, сонымен қатар биомедициналық инновацияларды дамытатын ғылыми қызметкерлер ретінде жұмыс жасау;
  • Білім беру - Қазақстанның жергілікті университеттеріндегі және бүкіл әлемдегі тиісті PhD бағдарламаларына түсу.

Мысалы, MMM бағдарламасының түлектері Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Австралия, Оңтүстік Корея, Жапония, Канада және АҚШ-тағы әртүрлі университеттердің докторантурасына оқуға түседі.


Болашақ жұмыс берушілер:

  • Бүкіл әлем бойынша университеттер мен ғылыми-зерттеу мекемелері;
  • Фармацевтикалық және биомедициналық өнеркәсіп (Pfizer, Merck, Sanofi, Roche және т. б.);
  • Трансляциялық орталықтар;
  • Үкімет;
  • Диагностикалық зертханалар.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

  • Түлектерге ұлттық және халықаралық деңгейде білімін жалғастыру үшін молекулалық медицина саласындағы негізгі пәндер бойынша мамандандырылған білім беру;
  • Түлектерге биомедициналық саладағы зерттеулер, денсаулық сақтау және өнеркәсіп саласында табысты жұмыс жасау үшін қажетті білім мен дағдыларды беру;
  • Түлектерге этикалық және кәсіби стандарттарға сәйкес ағарту және ғылыми міндеттерді орындау үшін құзыреттер беру;
  • Зертханалық нәтижелерді медициналық емдеуге тиімді түрлендіру үшін түлектерге интеллектуалды сыни ойлауды, мәселелерді шешуді және аналитикалық дағдыларды қолдануды үйрету.

Тіркеу кезеңдері

1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз

Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Магистратура/Резидентура» бағдарламасын таңдау кажет.

Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.

Жеке кабинетіңізде өтінім беру Нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.


2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз

Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:

1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);

3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;

4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.


3 ҚАДАМ. Тіркелу жарнасын төлеу және өтініш беруді аяқтау

Өтінім беру процесін аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздегі «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басыңыз. Тіркелу жарнасы Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Тіркелу жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды.


Үміткерлер Назарбаев Университетінің 2-ден артық магистратура / докторантура бағдарламаларына өтініш бере алмайды. Екі бағдарламаға қабылданған жағдайда үміткер тек бір бағдарламаны таңдауы тиіс.


Тіркелу жарнасы 15 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады (ерекшелік — Жоғары бизнес мектебі). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.

Өтінім беруді аяқтағаннан кейін үміткер 2-қадамда сипатталған әрекеттерге өзгерістер енгізе алмайды.


4 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелерін ұсыну

Үміткерлер IELTS/TOEFL/GRE/GMAT сертификатын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:

  • IELTS/TOEFL/GRE/GMAT жарамды сертификаттың электрондық нәтижесін Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберу;
  • IELTS/TOEFL сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның деректерін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.
  • Қажетті құжаттарды жүктеп салу кезеңінде GRE/GMAT сертификаттың сканерленген көшірмесін (бар болса немесе бағдарламамен талап етілсе) «My Application Forms» (Step 2) бөлімінде жүктеу.

Тест әкімшісі арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:

  • IELTS үшін код: NU
  • TOEFL iBT үшін код: 6762
  • GRE үшін код: 6496
  • GMAT үшін код: H6m-R7-93

IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелердің Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Үміткер Тест әкімшісіне (Тест орталығына) өзі хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуі қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.

Ұсынылған сертификаттардың нәтижелері өтінімді тапсырған уақытқа дейін аяқталмаса, жарамды болып саналады.

IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық нұсқаулық үміткерлердің Жеке кабинетінде қолжетімді. IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері байқауда қарастырылмайды.


Yміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен құжаттамамен расталған мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

  • ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда;
  • үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса.

Одан арғы қадамдар

Сіз өтінім бергеннен кейін, сіздің ұсынушыларыңыздың электрондық пошталарына жіберілген электрондық нысанға сәйкес Назарбаев Университетіне ұсыным хаттарды ұсыну туралы автоматты хабарлама жіберіледі. Ұсыным хаттарды ұсыну бойынша толық нұсқаулық Жеке кабинетте қолжетімді.


Сіздің өтініміңіздің статусы туралы білу үшін Жеке кабинетіңізден қараңыз және Назарбаев Университетінің хабарламаларын электрондық поштаңыздан тексеріңіз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.


Сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз. Сұхбат ағылшын тілінде өтеді.


Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.

Оқуға қабылдау талаптары

Молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламаcына оқуға түсетін үміткерлерде:

  • Тиісті саладағы бакалавр (немесе баламасы) және/немесе магистр дәрежесінің (немесе баламасы) болуы тиіс. Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен дипломды ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • Үміткерлер өздері оқыған университеттен олардың мекемеде оқуын бітіргені және түпкілікті транскриптті және/немесе дипломды ресми табыс ету белгіленген күнге жоспарланғаны туралы растауын алғанда ғана шартты түрде оқуға қабылдануы мүмкін. Мұндай жағдайда оқуға қабылдау туралы шешімде үміткер қажетті құжаттарды Университетке ұсынатын уақыт кезеңі көрсетілуі тиіс;
  • ең төменгі CGPA 4.0-ден кемінде 2.5 немесе үміткердің дәрежесінің баламасы болуы;
  • ағылшын тілін білудің қажетті деңгейі;
  • жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (опциялық). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап емес екендігіне қарамастан, үміткер GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі;
  • екі құпия ұсыным хат;
  • тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда). Бұл міндетті емес талап болса да, үміткер өзінің өтінім нысанын осындай растау құжаттарымен күшейте алады.

Ағылшын тілі бойынша ең төменгі талаптар

Бағдарламаға қабылдау үшін ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларына қойылатын ең төменгі талаптар мынадай:

  1. Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  2. Назарбаев Университетінің бағдарламасына дайындық жылына оқуға түсу үшін ағылшын тілін білудің IELTS тестісі бойынша нәтижелерге қойылатын ең төменгі талап 5,5 балды құрайды, бір бөлім бойынша 5.0 нәтижесімен немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Диплом берілген дәрежесімен және транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты (Home edition-нан басқа) (егер қолданылса);
  • Оқыту тілі ретіндегі ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат. (ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама бойынша білім беру негізінде академиялы дәреже берілген үміткерлер үшін ғана және IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификатын ұсынудан босату сұратылады);
  • Құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар GRE/GMAT нәтижелері (опциямен);
  • Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным хат беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз;
  • Негіздеме хат (500 сөз немесе одан аз);
  • Медициналық анықтама 075у (Қазақстан азаматтары үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/Студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі;
  • Тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде түйіндемеде, ұсыным хаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда).
  • Қажет болған жағдайда Қабылдау комиссиясы немесе Қабылдау департаменті қосымша құжаттарды сұрай алады.

Маңызды күндер

Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:

Барлық грант түрлері бойынша өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы 23 желтоқсан сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен), шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.

Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:

  • Шетел азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 17 наурыз сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 25 маусым сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).

IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

Барлық грант түрлері бойынша өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.

Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:

  • Шетел азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 30 сәуіріне дейін.
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 31 шілдесіне дейін.

Бағдарлау аптасының басталу мерзімі: тамыз 2025

Оқудың басталуы: тамыз 2025

Үмікерлерге қойылатын статустар

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.


Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.


Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.


Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.


Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.


Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.


Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.


Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.


Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.


Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.


Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.


Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады


Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.


Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.


Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.


Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.


Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.


Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.

Оқу бағдарламасы

Оқу бағдарламасы 15 міндетті курсты, екі элективті курсты және магистрлік ғылыми-зерттеу жобасын қамтиды.

Бағдарламаны аяқтау үшін әрқайсысы 30 кредиттен 4 семестрге бөлінетін 120 кредит қажет.

Бірінші жыл 12 негізгі курстан, күзгі семестрдегі 6 негізгі курстан және көктемгі семестрдегі 6 негізгі курстан тұрады. Екінші курста студенттер күзгі семестрде 3 негізгі және 2 элективті курстардан өтеді және көктемгі семестрде өздерінің ғылыми-зерттеу жобасымен айналысады.

1 жыл:  1 Семестр

1 жыл: 2 Семестр

2 жыл: 1 Семестр

2 жыл: 2 Семестр

Курстардың сипаттамасы

MMMM 501 Инфекциялардың молекулалық негіздері.

Бұл курс студенттерді микроорганизмдер әлемімен, олардың өзара әрекеттесуімен және адам физиологиясы мен патологиясына тигізетін әсерімен таныстыратын бірінші курстың ең қарқынды курсы деп айтуға болады. Жұқпалы аурулар саласында тәжірибелері бар НУММ ОПҚ құрамы дәрістерді негізгі жұқпалы ауруларға баса назар аудара отырып оқытады. Сабақтардағы презентациялар сериясының арқасында студенттер ақуыздар арасындағы өзара әрекеттесудің қыр-сырымен танысады және ауызша қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді. Презентация кезінде және одан кейін студенттерге нақты және жалпы ақпарат беріледі. Курс барысында студенттер тұмау тақырыбында семинар дайындап, курс жетекшісі сол тақырыпта дәріс оқығанға дейін оны өткізуі керек (дәріс семинар барысында студенттер тоқталған аспектілерге сәйкес модуляцияланады). Семинар оқытудың инновациялық эксперименттік форматы болып табылады. Қашықтықтан өткізілетін қонақ дәрістерді жұқпалы аурулар саласындағы көрнекті ғалымдар өткізеді және бұл форматтағы оқытуды студенттер жоғары бағалайды.


MMMM 502 Онкологияның молекулалық негіздері.

Курс қатерлі ісіктің басталуы мен өршуінің молекулалық механизмдеріне, жасушалық сигнализацияға және метастаз механизмдеріне бағытталған.


MMMM 504 Генетикалық аурулардың молекулалық негіздері.

Бұл курс молекулалық генетиканың адам денсаулығы мен ауруларын анықтау барысында қолданылуын зерттеуге және талқылауға арналған. Осы генетикалық білімді ауруларды емдеу және алдын алу шаралары мен жаңа терапия әдістерін әзірлеу үшін қолдану да талқыланады. Бұл курс өте маңызды, өйткені ол әртүрлі МММ курстарын біріктіреді. Курста оқытудың классикалық тәсілдері, соның ішінде дәрістер, пікірталастар, викториналар және студенттердің презентациялары қолданылды.


PUBH 511 Инференциалды биостатистика.

Бұл курс медицина саласындағы көптеген мәселелерге қолданылатын заманауи статистиканың негізгі тұжырымдамаларын ұсынады. «Инференциалды биостатистика» курсы MMM үшін MPH курсынан алынған, мұнда MMМ студенттері MPH студенттерімен бірігеді.


MMMM 601 Кәсіпкерлік.

Кәсіпкерлік негізгі бизнес пәндерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлік курсы MMM бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені ол студенттерге биомедицинамен байланысты кәсіпорынмен (мысалы, стартап компаниясымен) бизнесті бастау үшін не қажет екендігі туралы түсінік береді. Курс студенттерге кәсіпкерлік тәжірибе алуға көмектесетін модельдеуді қамтиды.


MMMM 506 Биоесептеу және биоинформатика.

Биоесептеу курсы – бұл студенттерді нуклеотидтер мен аминқышқылдарының тізбегімен, сондай-ақ ақуыздардың 3D құрылымдарымен жұмыс жасауға үйрету үшін бірнеше биоинформатика құралдарымен таныстыратын интенсивті практикалық курс (компьютерлік зертхана). Студенттер іс жүзінде ақуыздардың құрылымын түсініп, аурулардың молекулалық негізі туралы түсінік ала алады, бұл МММ-ның басты міндеті. Соңғы семинарда студенттер шағын топтарда ақуыздармен байланысты әртүрлі сценарийлерді ұсынады, осылайша алынған тәжірибе мен білімді практикада осы курс бойынша оқытудың оңтайлы нәтижесі форматында жүзеге асырады.


MMMM 507 Молекулалық медицинадағы заманауи тұжырымдамаларды сыни талдау.

Курс Молекулалық Медицина саласында жүргізіліп жатқан молекулалық зерттеулерді сыни талдауға арналған практика ретінде әзірленген (жасушалық және молекулалық биология тәсілдеріне баса назар аудара отырып) және мамандандырылған ғылыми жарияланымдарды талдау бойынша семинар форматында өткізіледі. Өзекті ғылыми жарияланымдар алдын ала оқу (оқуға арналған жеке және бірлескен тапсырмалар) және таңдалған ғылыми әдебиеттерді сыни талқылау барысында қарастырылады.


MMMM 508 Молекулалық иммунология.

Бұл курс студенттерге иммундық жүйе жасушаларының өзара әрекеттесуіне қатысатын молекулалық механизмдер туралы терең білім алуға мүмкіндік береді. Жаңа емдеу әдістерін әзірлеу үшін әртүрлі қабыну түрлеріне әкелетін молекулалық механизмді мұқият білу қажет. Созылмалы қабыну ауруларының дамуына және/немесе өршуіне қатысатын молекулалық механизмдер талданады және жаңа емдеу әдістері талқыланады. Курс барысында ең өзекті ғылыми-зерттеу ақпараты пайдаланылады. Жұмыстарды, студенттердің презентациялары мен эсселерін талқылау зерттеуге негізделген оқытуды ынталандырады. Курс қысқаша ақпараты бар және жаңа иммунотерапияға бағытталған аралас онлайн курс болып табылады.


MMMM 509 Зерттеуден пациентке дейін: дәрі-дәрмектерді әзірлеу және клиникалық зерттеулер жүргізу.

Фармацевтикалық зерттеулерде клиникалық тәжірибеге маңызды ғылыми жаңалықтарды енгізу процесі «зерттеуден пациентке дейін» деп аталады. Бұл зертханадағы негізгі зерттеулерден және клиникалық бақылаулардан басталып, клиникалық сынақтардағы сәттілікпен немесе сәтсіздікпен аяқталатын күрделі процесс. Курстың мақсаты – дәрі-дәрмектерді әзірлеуге және клиникалық зерттеулерге қатысты көптеген тақырыптарды ашу. Клиникалық сынақ әдістерін түсінуге, клиникалық сынақтарда қолданылатын статистикаға және клиникалық зерттеулердің дәрілік маркетингпен байланысына ерекше назар аударылады және бұл аспектілердің барлығы маңызды болып саналады.


MMMM 510 Табиғи медицина.

Бұл курс табиғи өнімдердің емдік қасиеттеріне және олардың әсер ету механизмдеріне, соның ішінде дәрілік заттарды қайта бейімдеу бағдарламасына арналған. Студенттер курста және презентациялар барысында ағымдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын оқумен айналысады.


MMMM 511 Молекулалық биология ғылымдарындағы зерттеу әдістері.

Молекулалық аспектілерді түсіну және заманауи биомедициналық әдістерді қолданудың практикалық тәжірибесі зерттеуші ғалымдардың жаңа буынын тәрбиелеудегі маңызды элемент болып табылады. Бұл практикалық зертханалық курс болғандықтан, оның мақсаты студенттерді биомедицина саласында қолданылатын заманауи молекулалық-биологиялық әдістермен таныстыру және зертханалық дағдылар мен білім алуға ықпал ету болып табылады. Осы курсқа дайындық шеңберінде эксперименттерді егжей-тегжейлі жоспарлау жүзеге асырылады, олардың көпшілігі осы курс үшін алғаш рет жүргізілген нақты күрделі биомедициналық эксперименттер болып табылады. Әрбір эксперимент реагенттер мен жабдықтардың белгілі бір жиынтығын қажет етеді (алдын-ала сатып алынған/дайындалған) және арнайы хаттама бойынша жүзеге асырылады. Зертханалық нұсқаулықта сабаққа дайындалу үшін барлық қажетті ақпарат болса да, ғылыми мақалалар, сондай-ақ веб-ресурстар сияқты қосымша оқу материалдары ұсынылады. Курс сонымен қатар зертханалық тапсырмаларға қатысты қысқа дәрістермен/пікірталастармен толықтырылады.


MMMM 503 Ғылыми зерттеулердегі биоэтика, принциптері мен практикасы.

Курс биомедициналық зерттеулердегі биоэтиканың теориялық тұжырымдамаларына және осы тұжырымдамаларды зерттеулерде, инновацияларда және болашақ перспективаларда қолдануға бағытталған.


MMMM 513 Неврологиялық ауытқулардың молекулалық негіздері.

Неврологиялық ауытқулар бірнеше себептерге байланысты, соның ішінде тиімді емдеудің болмауына байланысты адамзатқа әсер ететін ең кесірлі аурулардың бірі болып қала береді. Соңғы онжылдықтарда молекулалық генетика тәсілдері осындай көптеген ауруларда организмде болатын патологиялық процестер туралы түсінігімізді едәуір кеңейтті. Курстың негізгі бағыты – жасушалық және молекулалық деңгейде пайда болатын ақаулар бізге клиникалық көріністен белгілі болатын ауытқуларға қалай әкелетінін көрсету. Бұл курста қарастырылатын аурулар нейрондарға, сондай-ақ глиальды жасушаларға әсер ететін тұқым қуалайтын және жүре пайда болған патологиялар болып табылады. Курс ауруларды диагностикалау мен емдеудегі ең соңғы жетістіктерді, сондай-ақ олардың негізінде жатқан молекулалық механизмдерді түсіну барысын одан әрі тереңдету үшін қажетті зерттеулерді қамтиды. Курс шеңберінде гранттар ұсынуға өтінімдер жасау – МММ студенттерінің ғылыми ойлауын едәуір дәрежеде қалыптастыратын өте маңызды іс-шара болып табылады.


MMMM 603 Рекомбинантты препараттар.

Бұл курс студенттерді рекомбинантты ДНҚ технологиясының мүмкіндіктерімен таныстырады және адамзаттың фармацевтикалық әлемге үнемі жаңа парадигмаларды ойлап табу қабілеттілігін көрсетеді. Қазіргі уақытта биологиялық препараттар дәрі-дәрмектер нарығында басым, бұл жағдайды 15 жыл бұрын елестету мүмкін емес еді. Ақуыз препараттары, гендік терапия, вакциналарды әзірлеу және синтетикалық биология – бұл гендік инженерияға негізделген емдік-профилактикалық әсер ету бағыттары. Осы курс студенттерге жаттауды қажет етпей-ақ қатысуға мүмкіндік береді (бұл курста емтихандар жоқ), бұл олардың ақыл-ойларын жинақтауға және шығармашылық тәсілдеріне негізделген жаңа терапевтік/профилактикалық/диагностикалық стратегияның ең күрделі МММ эссе – презентацияға (курстың соңында) ерекше назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл эссе гранттық өтінімдерді жазу, дәрі-дәрмектерді әзірлеу, мақалаларды шолу және сынау, презентация дағдылары және т.б. сияқты МММ оқу процестерінің көп бөлігін қамтиды. Студенттердің қорытынды эссе жазудағы қиындықтарын ескере отырып, аралық қалыптастырушы сабақтар эссе жазудағы жетістіктерді талқылауға және студенттерді ғылыми негізге бағыттауға арналған. Курстың тағы бір маңызды құрамдас бөлігі – терапевтік гендік инженерия бойынша жоғары деңгейдегі перзентация. Терапевтік гендік инженерия саласындағы жұмыстары туралы баяндайтын оқытушы мен оның әріптестерінің дәрістері, соның ішінде көрнекті ғалымдардың қашықтықтан оқытатын дәрістері студенттерді молекулалық медицинаның заманауи деңгейімен таныстырады және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.


MMMM 690 Магистрлік ғылыми-зерттеу жобасы.

МММ магистрлік ғылыми-зерттеу жобасы – бұл МММ студенттерінің оқуды аяқтау кезінде өткізілетін зертханалық жұмыстарға негізделген семестр (2-ші оқу жылының көктемі). 1-ші оқу жылының көктемгі семестрінде студенттердің жобаларын талқылау (ғылыми жетекшілерімен) жүргізіледі. НУ-да ұзақ және күрделі сатып алу рәсімінен өту үшін уақытты үнемдеу және кем дегенде жоба басталған кезде (2-ші оқу жылының көктемі) қажетті материалдарды алу үшін жобаға арналған реагенттер тізімдері 1-ші оқу жылының көктемінің соңына қарай НУММ әкімшілігіне беріледі. Сатып алумен байланысты орасан зор қиындықтарға қарамастан, МММ ғылыми жетекшілерінің, МММ бағдарламасының директоры мен НУММ әкімшілігінің үйлесімді күш-жігерінің арқасында студенттер 2-ші оқу жылының қаңтарынан кешіктірмей реагенттерді ала алады. Бұл оқу жұмысы МММ-ның өте маңызды бөлігі болып табылады, өйткені ол студенттерді биомедициналық зерттеулерді ұйымдастыру, қателерді анықтау және жою, нәтижелерді жүргізу және түсіндіру тәжірибесімен таныстырады. Студенттер өздерінің ғылыми жетекшілерінің бақылауымен қажетті реагенттер тізімін жинап, оларға тапсырыс беруден бастап, зертханалық зерттеу өмірімен және ұйыммен танысуға дейінгі ғылыми-зерттеу жобасын жоспарлаудың барлық аспектілерімен айналысады. Диссертацияны жазу алдын-ала басталады, зерттеу семестрінде (2-ші оқу жылының көктемі) студенттерге зертханада жұмыс жасауға көбірек уақыт беру үшін кейбір бөліктер 2-ші оқу жылының күзгі семестрінің соңына дейін дайын болуы керек (Кіріспе және Мақсаттар, Библиография және Әдістер ішінара аяқталған болуы керек) (тиісті мерзімде жасалуы және МММ директорының диссертацияны бақылауы үшін осы бөлімді уақытылы тапсыру керек). Магистрлік ғылыми-зерттеу жобасын сәтті іске асыруға жетелейтін барлық күрделі кезеңдерді МММ директоры бірқатар бақылау нүктелері арқылы үйлестіреді: МММ директоры биомедициналық кафедра меңгерушісімен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметі және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар жөніндегі вице-деканмен, НУММ әкімшілігінің жұмыскерлерімен және НУММ деканымен бірлесіп жүзеге асыратын тұрақты пысықтаулар. Студенттердің ғылыми зерттеулері зертханалық кездесулермен бірге өтеді, онда барлық МММ студенттері мен ғылыми жетекшілер (сонымен қатар кез-келген басқа мүдделі НУММ ОПҚ мүшелері) студенттердің жобаларын пысықтау және қателерді жою үшін әр түрлі НУММ ОПҚ мүшелерінің тәжірибесін қолдана отырып, идеяларды, эксперименттік әдістерді, жоспарлау мен нәтижелерді талқылау үшін жиналуы мүмкін. Студенттер үшін бұл процесс өте тиімді және пайдалы болады. Осы кезеңде (2-ші оқу жылының көктемі) МММ директоры барлық студенттерге мансаптық өсу үшін тәлімгерлік деңгейін біртіндеп арттырады (бұл процесс 1-ші курстан басталады). Содан кейін студенттер оқуын бітіріп, еңбек нарығына шығуға дайын болады. МММ білім беру процесінде ғылыми ойлауды қалыптастыратын жақсы мысал болып табылады, өйткені МММ түлектері молекулалық медицина бойынша заманауи білімге, 100% жұмысқа орналасуға және >10% шетелде жоғары бәсекеге қабілетті PhD бағдарламаларына түсуге бейімделген болады.

Түлектеріміз біз туралы не айтады
  • Лаура Бақыт
    2022 жылғы түлегі
    Молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламасының түлегі ретінде бұл менің осы саладағы мансабыма қатты әсер еткен трансформациялық тәжірибе болды деп сенімді түрде айта аламын. Бағдарламаның кешенді оқу жоспары теориялық білім мен практикалық дағдылардың тамаша үйлесімін қамтамасыз етті. Бағдарлама бойынша басшылық пен қолдау менің академиялық және кәсіби дамуымда маңызды рөл атқарды. Бүкіл бағдарлама шеңберіндегі зерттеулерге баса назар аудару маған сыни тұрғыдан ойлау мен проблемаларды шешу дағдыларын дамыта отырып, озық ғылыми жобаларды зерттеуге мүмкіндік берді. Мен молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламасында оқығаныма ризамын, өйткені ол мені кәсіби әлемнің қиындықтарына мұқият дайындап қана қоймай, сонымен қатар ғылыми зерттеулер мен өмір бойы жаңа ашылуларға деген құштарлығымды оятты.
  • Валентина Олифиренко
    2023 жылғы түлегі
    Молекулалық медицина магистрі бағдарламасының соңғы түлегі ретінде менің жолым күрделі де, жемісті де болды. Бағдарлама молекулалық биология, генетика және иммунология саласындағы берік академиялық негізді қамтамасыз етті, оны күрделі тақырыптарды қол жетімді етіп түсіндіретін сарапшы профессорлар оқытты. Бағдарламаның айрықша ерекшеліктерінің бірі аурудың молекулалық механизмдерін терең түсінуге және емдеуде шығармашылық көзқарасқа баса назар аудару болды. Бағдарлама бізді әртүрлі шығармашылық жобалар мен презентациялар арқылы өз емдеу идеяларымызды ұсынуға, ой-өрісімізді кеңейтуге және инновацияларды дамытуға шақырды. Тағы бір маңызды аспект диссертациялық жобада жұмыс жасаған кездегі практикалық зерттеу тәжірибесі болды. Менің диссертациям ақуыздарды экспрессиялау және тазарту туралы болды, ал алынған практикалық дағдылар тәуелсіз зерттеуші ретінде жұмыс жасауға маңызды дайындық болды. Жалпы, бағдарламаның практикалық қолдануға және кәсіби дамуға баса назар аударуы мені ғылымдағы мансапқа жақсы дайындады. Молекулалық деңгейде ауру мәселелерін түсінуге және шешуге құмар кез келген адамға мен осы бағдарламаны ұсынамын.
  • Асем Несипбекова
    2024 жылғы түлегі
    Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде «Молекулалық медицина саласындағы магистратура» бағдарламасын таңдау менің жас ғалым ретіндегі жолымды өзгертті. Мен иммунология, генетика, неврологиялық бұзылулар және жұқпалы аурулар сияқты әртүрлі пәндерді ерекше бағаладым. Бұл пәндерді медициналық контексте молекулалық деңгейде зерттеу ауру механизмдері туралы түсінігімді тереңдетіп, ғылыми эксперименттер мен жаңа емдеу әдістерінің негізінде жатқан маңызды сұрақтарды шығаруға мүмкіндік берді. НУММ зертханалық базасы маған теориялық білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді, бұл менің зерттеу дағдыларымды айтарлықтай жақсартты. Мен сондай-ақ «Кәсіпкерлік» курсын атап өткім келеді, бұл менің саламдағы жаңалықтарды, мысалы, стартаптар арқылы, нақты әлемде қалай жүзеге асыруға болатынын түсінуге көмектесті. Бүгінгі таңда ғылыми жаңалықтарды нарыққа шығару үшін бизнес саласында іскерлік ойлау мен білімнің болуы қажет. Дәрістерден басқа, НУММ екі апта сайын шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізеді, онда жетекші зерттеушілер мен студенттер өз білімдерін бізбен бөлісе алады. МММ-дегі шағын сынып дәрістердің сапасын едәуір арттырады, бұл интерактивті және жеке сабақтарды өткізуге мүмкіндік береді. Біз профессорлармен көптеген жеке кездесулер өткіздік, бұл біздің академиялық жолымызды айтарлықтай байытты. Қолайлы атмосфера мен қоғамдастық менің академиялық жолымды мазмұнды және жағымды етті.

Оқытушылар құрамы

Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.