Мейірбике ісі бакалавры «Мейірбике ісі бакалавры» бағдарламасы - бұл екі жылдық оқудан кейін (төрт семестр) кәсіби біліктілік беретін күндізгі бакалавриат бағдарламасы. Қабылдау талаптарына сәйкес келетін және бағдарламаны сәтті аяқтаған мейірбикелер «Мейірбике ісі бакалавры» академиялық дәрежесін алады. Практик мейірбикелерге арналған бұл бакалавриат бағдарламасы мейірбикелік білімге және олардың алдыңғы білімі мен мейірбике ісі және денсаулық сақтау саласындағы жұмыс тәжірибесінен алған дағдыларға негізделген. «Мейірбике ісі бакалавры» бағдарламасының оқу мақсаттарына жету үшін мыналарға назар аудару қажет: пациенттер мен қоғамдастықтарды мейірбикелік бағалауға тереңірек назар аудару; денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу; пациенттерді, отбасыларды және қоғамдастықтарды оқыту; мейірбикелік тәжірибені, саясатты және жобаларды басқару үшін дәлелді зерттеулерді пайдалану; сондай-ақ топтық жобалар кезіндегі ынтымақтастық. |
Жалпы ақпарат
Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты
Оқыту тілі: орыс
Оқу түрі: күндізгі, кампуста
Ұзақтығы: 2 жыл
ECTS несиелерінің жалпы саны: 240
НУММ пациенттер мен қоғамға медициналық көмек көрсетуге, денсаулықты нығайтуға және аурудың алдын алуға, пациенттерге, отбасыларға және қоғамға білім беруге бағытталған оқу бағдарламасын әзірледі.
Басқа бағдарламалар практикалық дағдыларға емес, теориялық курстық жұмысқа бағытталған болса, біздің мейірбике ісі бойынша бакалавриат бағдарламамыз пациенттерге күтім жасауды жақсартуға арналған зертханалық симуляцияларды қоса алғанда студенттеріміздің мейірбике ісі саласындағы кәсіби тәжірибесін қамтиды.
НУММ мейірбикелік тәжірибені басқару үшін дәлелді зерттеулерді пайдаланады, ал бірлескен топтық жобаларда студенттер бағдарламаның оқу нәтижелеріне сәйкес өз шеберліктерін көрсетеді.
Бұл бағдарламаға оқуға түсу үшін талапкерлер НУММ-ның ауқымды талаптарына сәйкес келетін мейірбикелер болуы керек.
Бұл бағдарламаны аяқтағаннан кейін мейірбикелер әртүрлі бағытта жұмыс жасауға құқылы:
Өтінім беру кезеңдері
1-ҚАДАМ. Жеке кабинет ашу
Жеке кабинет ашу үшін www.admissions.nu.edu.kz порталына тіркелу қажет. Жеке кабинетте тіркеу рәсімі бойынша нұсқаулықпен танысуды ұмытпаңыз.
2-ҚАДАМ. Сауалнама формасын толтыру және қажетті құжаттарды ұсыну.
Жеке кабинетте сауалнама формасын толтыру және қажетті құжаттарды тіркеу:
3-ҚАДАМ. Тіркеуді аяқтау
«Submit application» батырмасын басыңыз. Өтініш бергеннен кейін талапкерлер өздерінің жеке кабинетіне өзгерістер енгізе алмайды.
Әрі қарай әрекет ету
Өз статусыңызды бақылау үшін Студенттерді қабылдау департаментінен ақпарат жіберілетін электрондық поштаны, сондай-ақ жеке кабинетіңізді тексеріп отырыңыз.
Тіркеу бойынша проблемалар туындаған жағдайда міндетті түрде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) және Жеке кабинетте берілген нөмір – Applicant ID көрсетеотырып, info_admissions@nu.edu.kz электрондық мекенжайына сұрау жолдауды сұраймыз.
Қабылдау талаптары
Өтініш берушілер онлайн тіркелу үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі
Маңызды күндер
2024-2025 оқу жылына үміткерлер үшін маңызды күндер:
Конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау
Конкурстың әр кезеңінде талапкерге қойылатын статустардың сипаттамасы.
Статустар талапкердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Does not meet the entry requirements. Талапкер бағдарламаның ең төменгі талаптарына сәйкес келмейді, Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаментімен сауалнама нысандар мен құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Withdrawn. Бакалавриат бағдарламасына Қабылдау комиссиясының шешімі шыққанға дейін конкурсқа қатысудан бас тартқан талапкерлерге статус қойылады.
Recommended for admission. Қабылдау комиссиясы талапкерді қабылдауға ұсынады және оған оқуға шақыру хат жіберіледі.
Waiting list. Талапкер күту парағында. Ол бағдарламаның ең төменгі талаптарына сәйкес келеді, бірақ төмен балдарға байланысты ол рейтингтің төменгі жағында. Мұндай талапкерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені егер бұрын ұсынылған талапкерлердің бірі оқуға қабылдаудан бас тартса, оқуға шақыру жіберілуі мүмкін.
Rejected by Admissions Committee. Қабылдау комиссиясы талапкердің құжаттарын қарағаннан кейін, күту тізіміне қоймай немесе конкурстан кейін, оны қабылдау конкурсынан шығарды.
Refused admission offer. Талапкер оқуға қабылдануға ұсынылды, бірақ НУ-да оқуға шақыру хатынан бас тартты.
Refused in favor of CPS. Талапкер NUFYP бағдарламасын таңдап бакалавриат бағдарламасынан бас тартты. Бұл статус талапкер бакалавриат бағдарламасына шақыру хатынан жазбаша бас тартқаннан кейін немесе егер талапкер күту парағында болса және бакалавриат бағдарламасына шақыру хатын алғанға дейін NUFYP бағдарламасында оқуға жазбаша келіссе қойылады. Соңғы жағдайда талапкерге шақыру хаты жіберілмейді.
Guarantee fee paid. Талапкер оқуға қабылдануға ұсынылды және міндетті кепілдік жарнасын төледі.
Accepted admission offer. Бұл статус оқуға шақыру хатын алған, келісім берген және Университет шарттарын орындаған - кепілдік жарнаны төлеген және оқуға қабылдау үшін құжаттардың түпнұсқаларын тапсырған талапкерлерге қойылады.
Did not come to Orientation week/Refused. Оқуға келісім берген, құжаттардың түпнұсқаларын тапсырған, бірақ мектептің Бағдарлау апталығына қатыспаған талапкерлерге қойылады. Болған жағдайда, босаған орындарға күту парағынан талапкерлер шақырылуы мүмкін
Enrolled. Талапкер оқуға қабылданды. Статус оқуға қабылдау туралы Провост шешімі шыққаннан кейін қойылады, содан кейін талапкер ресми түрде Университет студенті болып табылады.
Enrolled conditionally. Талапкер оқуға шартты түрде қабылданды. Берілген мерзімге дейін аттестаттың түпнұсқасын тапсыру шартын орындау қажет.
Did not submit the documents/refused. Талапкер көрсетілген мерзімде құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған. Бұл талапкердің Университетте оқудан бас тартатынын білдіреді.